AIU студенттері Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының қызметімен танысты
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Экономика апталығы аясында Астана халықаралық университетінің (AIU) студенттерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – Палатаның қызметімен таныстыру, студенттердің Қазақстандағы бизнесті қолдау саласындағы практикалық білімін кеңейту, сондай-ақ білім беру ұйымы мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктерін талқылау.
Делегация құрамына университеттің оқытушылары мен студенттері кірді. Кездесу барысында Палата мамандары таныстыру экскурсиясын өткізіп, елордалық Кәсіпкерлер палатасының негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат берді.

Қатысушыларға кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері, бизнесті консультациялық қолдау шаралары таныстырылып, экономиканың түрлі секторларын дамытуға бағытталған салалық кеңестердің қызметі туралы баяндалды. Сондай-ақ дуальды оқыту мәселелеріне назар аударылды.

Мұндай кездесулер студенттердің практикалық-бағдарланған білімін қалыптастыруға ықпал етіп, еңбек нарығы талаптарын түсінуге мүмкіндік береді.