Отбасылық өндірістен толық циклді бірегей бизнеске дейін

10.04.2026
Отбасылық өндірістен толық циклді бірегей бизнеске дейін

«Айжан Ысқақовамен Business Bailam» подкастының жаңа шығарылымында дәстүр, шеберлік пен кәсіпкерлік ауқым тоғыстан ерекше оқиға баяндалды.

Бағдарламаның қонағы – «Блэк» компаниясының атқарушы директоры әрі тең иесі Роман Никитенко. Бұл – 40 жылға жуық тарихы бар отбасылық бизнес, осы уақыт ішінде ол ағаштан жасалған бұйымдарды өндіретін толық циклді бірегей фабрикаға айналған.

 Бұл шығарылымда:

         •        отбасылық өндірісті ауқымды бизнеске айналдыру жолы;

         •        технологиялар дәуірінде қолөнер құндылығын қалай сақтап отырғаны;

         •        100-ден астам шебер-суретшіден тұратын команданы басқару тетіктері;

         •        қазақстандық өнімдердің ТМД нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің құпиясы;

         •        дәстүр мен мәдениетті табысты өнімнің бір бөлігіне қалай айналдыруға болады деген сұрақтар төңірегі талқыланды.

Бұл – қолөнер, құндылық және бизнеске жүйелі көзқарас арқылы Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастырып жатқан адамдар жайлы әңгіме.

Көріңіздер, жергілікті бизнестің халықаралық деңгейге шыға алатынын дәлелдейтін осындай оқиғалардан шабыт алыңыздар.

Шығарылымның толық нұсқасы: От семейного производства к уникальному бизнесу полного цикла - YouTube