Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

13.04.2026
Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

Палата өкілдері, қала тұрғындарымен бірге, аумақтарды тазартып, қоқыс шығарып, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қала тазалығына үлес қосты.

Бұл бағыттағы жұмыстар – Өңірлік палатаның экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған жүйелі қызметінің бір бөлігі. Аймақтың тазалығы мен абаттандырылуы халықтың өмір сүру сапасына, өңірлердің инвестициялық тартымдылығына және тұрақты дамуына тікелей әсер етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы азаматтарды ортақ мақсатқа – қалалар мен ауылдарды таза әрі жайлы етуге жұмылдырады. Бұл қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және оған ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға қосылған үлес», – дейді Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы экологиялық жағдайды жақсартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды.