Талант Омарбеков Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы болып сайланды

14.04.2026
Талант Омарбеков Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы болып сайланды

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы болып Талант Омарбеков сайланды.

Омарбеков Талант Кенжебекұлы «Қазақстан жобалаушыларының республикалық одағы» ӨРҰ өкілі ретінде 2025 жылғы қарашадан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің құрамына кіреді.

Ол мемлекеттік және корпоративтік секторларда 17 жылдан астам еңбек өтілі, жобаларды сараптау, саланы реттеу және ірі инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыру бағыттарында, құрылыс саласында терең кәсіби тәжірибесі бар танымал сарапшы.

10 жылдан астам уақыт бойы «Мемсараптама» РМК жүйесінде басшылық қызметтер (Бас директордың орынбасары) лауазымын атқарған. Кейін «Транстелеком» АҚ-да стратегиялық бастамаларды, соның ішінде деректерді өңдеу орталықтарын дамыту жобаларын үйлестірді.

2021 жылдан бастап «Қазақстан жобалаушыларының республикалық одағы» ӨРҰ кеңесінің төрағасы. Бұл қызметте ол саланы дамытуға және өзін-өзі реттеу тетіктерін жетілдіруге белсенді түрде үлес қосып келеді.

Комитеттің негізгі міндеттеріне құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға қатысты мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарымен тиімді жұмыс істеу, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің бірлескен (келісілген) ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ құрылыс және ТКШ салаларында нормативтік-құқықтық реттеуді талап ететін басым мәселелерді айқындау және басқа да бағыттар кіреді.