Өскемен қаласында Monotel қонақүйі ашылды: бизнес-отельдің жаңа форматы өңірдегі қонақжай сервисінің стандарттарын айқындайды

15.04.2026
Өскемен қаласында Monotel қонақүйі ашылды: бизнес-отельдің жаңа форматы өңірдегі қонақжай сервисінің стандарттарын айқындайды

Бұл – шығыс қонақжайлығымен үйлескен еуропалық деңгейдегі сервис. Жеті қабатты ғимаратта әртүрлі санаттағы 46 нөмір орналасқан – стандарттан бастап президенттік люкстерге дейін. Бірінші қабатта фойе, lounge bar және 50 адамға арналған конференц-зал бар. Екінші қабатта 200 қонаққа арналған банкет залы, грим бөлмесі мен VIP-бөлме орналасқан. Үшінші қабатта 120 орындық мейрамхана жұмыс істейді, ал төртінші қабаттан жетінші қабатқа дейін нөмірлер қоры жайғасқан.

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы жаңа қонақүйдің ашылуының маңыздылығын атап өтті. Палата директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, мұндай жобалардың іске қосылуы өңірлік бизнестің жетілгендігін және сапалы әрі бәсекеге қабілетті қызметтерге инвестиция салуға дайын екенін көрсетеді.

«Осындай деңгейдегі нысандардың ашылуы – нарық үшін маңызды белгі. Бизнес тек дамып қана қоймай, қонақжай индустриясында жаңа стандарттарды қалыптастыруға қабілетті екенін көрсетеді. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Қайрат Мамырбаев.

Жаңа қонақүй кешені іскерлік және туристік сапарлар үшін тартымды орынға айналып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға, шағын және орта бизнесті дамытуға және өңір экономикасын нығайтуға өз үлесін қосады деп күтілуде.