ШҚО-да SHANYRAQ форумында бизнесті қолдау перспективалары мен тетіктері талқыланды

16.04.2026
ШҚО-да SHANYRAQ форумында бизнесті қолдау перспективалары мен тетіктері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев SHANYRAQ форумына қатысты. Аталған алаң бизнес өкілдерінің өзара, сондай-ақ мемлекеттік органдар және сарапшылар қауымдастығымен ашық диалог орнатуына мүмкіндік берді.

SHANYRAQ форумы кәсіпкерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді шешімдерін іздеуге бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар өңірлік экономиканы дамытудың өзекті мәселелерін, мемлекеттік қолдау құралдарын және кәсіпкерлердің табысты кейстерін талқылады.

Қайрат Мамырбаев бизнесті қолдау шараларына арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына кеңінен тоқталды. Бұл бағдарлама бүгінгі таңда ауыл кәсіпкерлігін қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оның айтуынша, бағдарлама ауылдық жерлерде бизнесті бастауға және кеңейтуге нақты мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, ол SHANYRAQ форумының шағын және орта бизнес өкілдері үшін маңыздылығын атап өтіп, оның тәжірибелік бағыттылығына ерекше назар аударды.

«Бүгінде тек идеяларды талқылап қана қоймай, нақты кейстер мен тиімді құралдармен бөлісу маңызды. Форум кәсіпкерлерге қалай дамуға болатынын, жаңа бағыттарды табуға және бір орында тұрмауға мүмкіндік береді», – деді Қайрат Мамырбаев.

Оның пікірінше, мұндай іс-шараларға қатысу іскерлік байланыстарды нығайтуға, кәсіпкерлердің құзыретін арттыруға және өңірде тұрақты бизнес ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.