«Атамекен» ҰКП «Іскер аймақ» бағдарламасына арналған экономика салаларына рейтингтер беру әдістемесін енгізуде
Қазақстанда шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасы іске асырыла бастады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлердегі мемлекеттік қолдауды неғұрлым нақты әрі тиімді етуге мүмкіндік беретін басым салалардың рейтингін анықтау әдістемесін әзірледі.
2025 жылдың соңында Үкімет қаулысымен бекітілген «Іскер аймақ» бағдарламасы Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімінде берген шағын бизнесті қолдаудың Бірыңғай құжатын бірінші кезекте қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Бағдарлама микро және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бірыңғай жүйелі тәсіл қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама үш негізгі бағыт бойынша іске асырылады: қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау.
Қандай қолдау шаралары қолжетімді?
Кәсіпкерлер үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылған:
несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау (қарыз құнын төмендету);
қарыздарға кепілдік беру (жеткілікті кепіл мүлкі болмаған жағдайда өзекті).
Өңірлер мен «Атамекен» ҰКП-ның рөлі
Бағдарламаның басты ерекшелігі – әрбір ауданның қажеттілігіне бейімделу икемділігі. Жалпыұлттық деңгейде айқындалған 18* басым саладан (тамақ өнімдерін өндіруден бастап жеңіл өнеркәсіпке дейін) бөлек, өңірлік әкімдіктер Өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп, нақты аумақ үшін өзекті қосымша 6 басым бағытты айқындайды.
Салаларды іріктеу үдерісінің объективтілігін қамтамасыз ету үшін «Атамекен» ҰКП «Қазақстан Республикасының өңірлерінде микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін экономика салаларына рейтингтер беру әдістемесін» әзірлеп, бекітті.
«Біздің міндетіміз – мемлекеттік ресурстарды нақты аудан немесе қалада даму әлеуеті бар салаларға бағыттау. Әдістеме Ұлттық экономика министрлігімен келісіліп, жергілікті атқарушы органдармен талқылаудан өтті», – деп атап өтті Басқарушы директор – Өңірлерді дамыту және шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры Ксения Семенчук.
Қазір «Атамекен» ҰКП сарапшылары әкімдіктер мен Өңірлік кәсіпкерлер палаталары қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын өткізуде. Оларға өңірлерде басымдықтарды айқындау процесін барынша тиімді әрі жедел жүргізу мақсатында әдістеменің жұмыс қағидаттары егжей-тегжейлі түсіндірілуде.
*Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Р/с | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды | Атауы |
| 1 | 2 |
1 | 10 | Тамақ өнімдерінің өндірісі |
2 | 11.06 | Уыт өндірісі |
3 | 11.07 | Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сулар өндірісі |
4 | 13 | Текстиль бұйымдарының өндірісі |
5 | 14 | Киім өндірісі |
6 | 15 | Былғары және соған жататын өнім өндірісі |
7 | 16 | Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
8 | 17 | Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
9 | 20 | Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
10 | 21 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі |
11 | 22 | Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі |
12 | 23 | Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі* |
13 | 24 | Металлургия өндірісі** |
14 | 25 | Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі |
15 | 26 | Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі |
16 | 27 | Электр жабдықтары өндірісі |
17 | 31 | Жиһаз өндірісі |
18 | 32 | Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
* тауарлық бетон өндірісін қоспағанда (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды «23.63»);
** шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (ЭҚЖЖ коды «24.10»), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚЖЖ коды «24.46»), шойын құюды (ЭҚЖЖ коды «24.51»), болат құюды (ЭҚЖЖ коды «24.52») қоспағанда.
______________________