Жастар идеялары – нақты бизнеске: ШҚО-да «Мен – кәсіпкермін» байқауының финалы өтті
Өскемен қаласында бүгін мектеп оқушылары мен студенттер арасында өткізілетін «Мен – кәсіпкермін» жыл сайынғы байқауының финалы өтті. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған жоба Шығыс Қазақстан облысында өз ісін дамытуға қызығушылық танытқан жастарды біріктіріп келеді.
Алғаш рет дәл осы Шығыс Қазақстанда бастау алған жоба бүгінде республикалық деңгейге шығып, үшінші жыл қатарынан ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды дамыту және бизнес жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Жобаға бизнес қауымдастығы белсенді түрде тартылды: кәсіпкерлер қазылар алқасының мүшелері мен салалық сарапшылар ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті, жобаларды бағалап, қатысушыларға оларды жетілдіруге көмектесті. Мұндай формат байқауды нақты нарық жағдайына барынша жақындатуға мүмкіндік берді.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды – оқу орындарындағы ішкі іріктеуден бастап сараптамалық бағалауға дейін. Биыл жобаға қызығушылық жоғары болды: 19 колледж бен 12 мектептен 83 өтінім қабылданды. Жалпы турнирге 10 аудан мен облыс орталығынан 128 қатысушы қатысты. Финалдық кезең Қазақстан-Американдық еркін университетінде бизнес-идеяларды ашық қорғау форматында өтті. Қатысушылар заманауи экономиканың 10 негізгі бағыты бойынша жобаларын ұсынды: әлеуметтік кәсіпкерліктен бастап цифрлық технологиялар, туризм, медицина, креативті индустриялар және агроөнеркәсіп саласына дейін.
Ұсынылған жұмыстар әртүрлілігімен және жоғары деңгейде әзірленуімен ерекшеленді. Олардың қатарында қызмет көрсету саласындағы стартаптар, қалдықтарды қайта өңдеу жобалары, білім беру платформалары, цифрландыру бастамалары, сондай-ақ жергілікті ресурстарға негізделген шағын өндіріс тұжырымдамалары бар. Қатысушылар тек креативтілік танытып қана қоймай, бизнес-модельдерді есептеу, тәуекелдер мен даму перспективаларын бағалау қабілеттерін де көрсетті.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Асет Адылхан байқаудың өңір үшін маңызын атап өтті.
«Бүгін біз қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін көрдік. Көптеген жобаларды тиісті қолдау болған жағдайда жүзеге асыруға болатын дайын бизнес-идеялар деп бағалауға болады. Ең бастысы – бұл процеске бизнестің белсенді қатысуы. Бұл жастарға нақты сараптамалық баға алып, нарық талаптарын түсінуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – жастарға кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектесу және олардың әрі қарай дамуына жағдай жасау», – деді ол.
Байқауды ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан-Американдық еркін университеті және Өскемен экономика және техника колледжі.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🏆 «Туризм» номинациясы
1 орын:
Ерболова Айзере Даулетқызы — «Асубұлақ ауылындағы экотуризм жобасы»
2 орын:
Темирбек Аяулым — «QAZAQ NOMAD EXPERIENCE»
Советханова Дильназ / Нұрланова Толғанай / Ерланқызы Ақнұр — «Алтай қаласы-ШҚ туристік маржаны»
3 орын:
Зеленков Дмитрий / Костина Екатерина — «Altay-forest-glamps»
Самойлова Валерия — «Туризм бойынша құзыреттер орталығы»
Колесова Ксения / Оконечников Арсений / Аникина Анна — «Ертістің күміс соқпақтары»
🏆 «Әлеуметтік кәсіпкерлік»
1 орын:
Вацуро Максим — «EcoHelp»
2 орын:
Рустамов Мурат / Пак Александр / Борисов Михаил — «Жерлеу қызметтері»
Куцобина Анастасия — «Қамқорлық дәмі»
3 орын:
Ерікжанқызы Маржан / Зейнелова Инабат — «Шексіз мүмкіндік»
🏆 «Білім беру, ақпарат және цифрлық технологиялар»
1 орын:
Красильников Радомир — өртті анықтау және сөндіруге арналған ұшқышсыз кешен
2 орын:
Оналбеков Арлан / Ыбырайұлы Нұрмұхамет — «Сенімді қадам»
Абрамовский Денис / Буданов Арсений — «ИИ-энциклопедия»
3 орын:
Поляков Данил / Бобров Виктор — «Суреттен web-жобаға»
Нұрболқызы Ақмаржан — «Smart Күнделік»
Эйхман Владимир / Пучеглазов Николай / Крежановская — «24 RentTech»
🏆 «Медицина, денсаулық және сұлулық индустриясы»
1 орын:
Стоякина Анастасия / Нұрмұхамет Батырхан — есту қабілеті төмен адамдарға арналған сайт
2 орын:
Тимонин Иван / Ладыгина Анна — «Қуаныш ұясы» ана мектебі
3 орын:
Муратова Аружан — маникюр және педикюр қызметтері
🏆 «Шоу-бизнес, мәдениет және өнер»
1 орын:
Рысбек Мирас — асық атуға арналған инфрақұрылымды дамыту
2 орын:
Қайырғазы Шынғыс / Булатова Маргарита — «TUMAR ART»
Сорокина Виолетта — «DlyaTebya» музыкалық студиясы
3 орын:
Адилбекова Аружан — Street Art аймағы
🏆 «Көлік, логистика және экология»
1 орын:
Ертайқызы Әдемі / Нұржанқызы Айым — «Ертіс логистик»
2 орын:
Қадыр Айым / Азамат Аружан — «EcoTire»
Советбеков Елдос / Мусин Рауан — «Ақылды бағдаршам»
3 орын:
Жаныбекұлы Ернат — биоыдырайтын пакеттер
Қасымханов Батырхан — энергия өндіретін жол жабындысы
🏆 «Өндіріс, технология және ауыл шаруашылығы»
1 орын:
Шерудило Кирилл — бөдене фермасы
2 орын:
Моисеенко Алена / Самородова Злата / Мархатұлы Мадияр — микрожасыл өсіру
Толеген Рухия / Саинова Айханым — «Ақылды каска»
3 орын:
Астапова Анна — «Хлебный хутор» наубайханасы
Имангазинов Данияр / Казаков Артур — ТЖМ-ға арналған робот
Нурахметова Данагуль / Сабурова Анна — «Bastau water»
🏆 «Қонақүй ісі және қоғамдық тамақтану»
1 орын:
Автудинов Эльдар / Кемешов Марғұлан — KEL Doner
2 орын:
Назымбекова Дана / Киндикужина Аида — CoffeeDonna
3 орын:
Мартынова Ирина — «Милано» кафесі
🏆 «Сауда»
1 орын:
Толеуханова Малика — зияткерлік демалыс аймағы
2 орын:
Ульянова Маргарита — балалар тауарлары дүкені
3 орын:
Сағатбекова Айдана / Бахытбекқызы Еңлік — «Qyrmyzyshop»
🏆 «Дизайн және креативті индустриялар»
1 орын:
Бауединова Доменика — «Фасад-мастер»
2 орын:
Брайцев Владимир / Лукпанова Элина — «ASU-ECO ART»
Назырова Ангелина / Соляник Ксения — «CREATIVEDECO»
3 орын:
Жанболатқызы Дана — Dastur&Design
Арапова Тахмина — «ReBorn»
Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасының арнайы сыйлығы мен ақшалай жүлдесі «TUMAR ART» жобасына табысталды.
Үздік жобалар өңір намысын республикалық кезеңде қорғайды. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бұған дейін де жоғары нәтижелер көрсеткен: 2024 жылы – бір екінші орын, 2025 жылы – екі үшінші орын.
«Мен – кәсіпкермін» байқауы жастар бастамаларын қолдаудың тиімді алаңы ретіндегі мәртебесін нығайтып, болашақ кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастыруда.