Ұлытау – ел экономикасының болашағы қаланатын басты индустриялық орталық

20.04.2026
Ұлытау – ел экономикасының болашағы қаланатын басты индустриялық орталық

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың Ұлытау облысына іс-сапары өңір әкімі Дастан Рыспековпен кездесуден басталды. Кездесу барысында өңірдің елдегі индустриялық орталықтардың бірі ретіндегі маңызды рөліне назар аударылып, дәстүрлі өнеркәсіптік база жаңа өңдеу бағыттарымен, инвестициялармен және логистикамен толықтырылып жатқаны атап өтілді.

«Ұлытау – Қазақстанның индустриялық жүрегі және түсті металлургия мен тау-кен саласының стратегиялық орталығы. Бұл өңір жоғары даму әлеуетіне ие заманауи экономикалық модельді қалыптастырып отыр», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Изображение

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында жалпы өңірлік өнім 1,64 трлн теңгеге артып, өсім 20,5%-ға жетті. Инвестициялар көлемі 259 млрд теңгеден асып отыр. Өңір «Іскерлік климат» республикалық рейтингінде бірінші орын алып, бизнес үшін тартымдылығы жоғары екенін дәлелдеді.

Әкіммен кездесуден кейін Ұлытау облыстық Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен диалог ұйымдастырылды. Кездесуді Ұлытау облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженова жүргізді. Қанат Шарлапаев қатысушыларға қарата: «Кәсіпкерлер – өңір экономикасының тірегі», – деп, олардың бизнесті дамыту мен жұмыс орындарын құрудағы үлесіне алғыс білдірді. Сонымен қатар ол бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі форматқа көшіп жатқанын, оның тұрақты диалогқа, талдау жұмыстарының күшеюіне және Өңірлік палаталардың негізгі коммуникациялық буын ретіндегі рөлінің артуына негізделетінін атап өтті.

Диалог барысында жаңа жобаларды іске асыру, бизнесті қорғауды күшейту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру секілді Палата қызметін жаңғыртудың басым бағыттары белгіленді.

Жұмыс сапары Ұлытау облысы кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесумен жалғасты. Жүздесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту, қаржыландырудың қолжетімділігі, реттеуші ортаның болжамдылығы, сондай-ақ инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеу қажеттілігі қарастырылды.

Изображение

Бүгінде кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктеріне сүйене отырып, жергілікті жерлерде бизнесті қолдаудың тұрақты жүйесін құру маңызды», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар Төралқа Төрағасы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында инвестициялық жобаларды дамыту, талдау қызметін күшейту және бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың тиімділігін арттыру сынды «Атамекен» ҰКП жұмысының негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

Ұлытау облысының прокуроры Жасұлан Еламановпен кездесуде инвесторларды қорғау және болжамды құқықтық ортаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қанат Шарлапаев инвестиция тек экономикаға ғана емес, құқықтық жүйеге де жіті назар аударатынын атап өтіп, бизнестің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының маңызды рөлін бағалады. Талқылау барысында инвесторларды сүйемелдеудің қолданыстағы құралдары, соның ішінде цифрлық механизмдер мен проблемалық мәселелерге жедел әрекет ету жүйесі қарастырылды.

Изображение

Қадағалау органдарының мәліметінше, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аясында мыңдаған мәселе шешіліп, жүздеген жоба жүзеге асырылып, көптеген жұмыс орындары пайда болған. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту және бизнеске әкімшілік қысымды азайту қажеттілігі атап өтілді.

Одан кейін делегация «Бір ауыл — бір өнім» көрмесін аралап, жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысты. Көрмеде сүт және ет өнімдері, ұлттық тағамдар, қолөнер бұйымдары, тоқыма, кәдесыйлар, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдана отырып өндірілген тауарлар ұсынылды. Көрме өңірдегі дәстүрлі өндіріс пен шағын бизнестің үйлесімді дамуын көрсетті.

Изображение

Изображение

Қанат Шарлапаевтың Ұлытау облысына іс-сапары өңірдегі ірі өндірістік нысандарды аралаумен жалғасты. Бұл бағыттағы алғашқы нысан – Жезқазған байыту фабрикасы болды.

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның негізгі кәсіпорындарының бірі мыс кенін өңдеуге маманданған. Дәл осы жерде байыту процесі жүреді: өндірілген кен мыс концентратына айналып, кейін мыс балқыту зауытына жөнелтіледі. Сондай-ақ, фабрикада рений, күміс және алтын сияқты сирек металдар да өндіріледі.

Изображение

Сондай-ақ делегация мал азық базасын дамыту мен сүтті мал шаруашылығын өркендетуге бағытталған «KENGIR AGRO» жобасын, сондай-ақ Қазақстандағы автокөлік сүзгілерінің толық спектрін өндіретін жалғыз кәсіпорын – «Казтехфильтр» компаниясын аралады.

Изображение

Изображение

Сапар қорытындысы бойынша Қанат Шарлапаев Ұлытау облысы бүгінде тарихи мұра, өнеркәсіптік әлеует, инвестициялық белсенділік және кәсіпкерліктің дамуы тоғысқан, Қазақстанның тұрақты экономикалық өсіміне негіз болатын өңір екенін атап өтті.