ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ: БИЗНЕСПЕН ТІКЕЛЕЙ ДИАЛОГ

21.04.2026
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ: БИЗНЕСПЕН ТІКЕЛЕЙ ДИАЛОГ

 

 

Палата басшысы Ұлытау облысының кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесу өткізді. Қазақстанның қақ ортасында орналасқан, индустриялық-металлургиялық әлеуеті зор бұл өңірде соңғы екі жылда жалпы өңірлік өнім 54,5%-ға артып, 2,49 трлн теңгеге жетті.

 

Кездесуде бизнес үшін ең өзекті жүйелі мәселелер көтерілді:

• Өңірдегі негізгі кәсіпорындармен жұмыс істеу және сатып алуларда жергілікті өндірушілерге басымдық беру;

• Отандық тауар өндірушілер тізілімі мен Ұлттық тауарлар каталогына қатысты мәселелер;

• Жаңа Салық кодексін қолдану және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау.

 

Жиын барысында Қанат Шарлапаев Палата жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттарын таныстырды: бизнесті қорғаудың жаңа деңгейі, өңірлік палаталарды цифрландыру және инвесторлар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

 

Барлық көтерілген мәселелер нақты шешімдер қабылдау мақсатында жұмысқа алынды.

 

 

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображение