Ұлттық палата басшысы Қанат Шарлапаев өңірдің ірі өнеркәсіп ошақтарымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды нысан – «KENGIR AGRO» өндірістік кооперативінің құрылыс жұмыстарымен танысты

21.04.2026
Ұлттық палата басшысы Қанат Шарлапаев өңірдің ірі өнеркәсіп ошақтарымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды нысан – «KENGIR AGRO» өндірістік кооперативінің құрылыс жұмыстарымен танысты

Ұлттық палата басшысы Қанат Шарлапаев өңірдің ірі өнеркәсіп ошақтарымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды нысан – «KENGIR AGRO» өндірістік кооперативінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

 

Бұл жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде «Ұлытау» ӘКК арқылы жеңілдікпен несиелендіру механизмімен іске асырылады. Кешеннің ерекшелігі – мұнда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы біріктіріліп, тұйық өндіріс циклі қалыптасқан.

 

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

- жылына 3 000 тонна картоп және 4 000 тонна жем-шөп (жоңышқа, судан шөбі) өндіріледі;

- күніне 5 000 литр сүт өндіретін 400 бас малды тауарлы-сүт фермасы;

- Инвестиция: жобаның жалпы құны – 1,1 млрд теңгеге жуық;

- Жұмыс орындары: ауыл жерінде 35 тұрақты жұмыс орны ашылады.

 

Өндірілген өнімнің 100%-ы ішкі нарыққа бағытталады. Бұл Ұлытау облысын сапалы әрі қолжетімді жергілікті өніммен қамтамасыз етуге жол ашпақ.

 

ИзображениеИзображение