Қостанайда бизнес үшін су нысандарын пайдалану жөніндегі жаңа ережелер талқыланды
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету саласы мәселелері бойынша Салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы — ҚР Су кодексінің нормаларын және жалпы пайдаланудағы су айдындарына қол жеткізу қағидаларын түсіндіру болды. Бұл мәселе жазғы маусым қарсаңында ерекше өзектілікке ие.
Кеңес жұмысына бизнес өкілдері, бейінді мемлекеттік органдар мен Палата сарапшылары қатысты. Кездесудің басты мақсаты — кәсіпкерлерге заң аясында жұмыс істеуге көмектесу және айыппұл санкцияларынан сақтандыру.
Ең көп талқыланған тақырыптардың бірі — жалпы пайдаланудағы су нысандарына қол жеткізу тәртібі болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, су қоры — мемлекеттік меншік, ал жалпы су пайдалануға (шомылу, демалу, мал суару) құқық барлық азаматтарға кепілдендірілген.
Туризм және қызмет көрсету саласындағы бизнес жиі дилеммаға тап болады: су жағалауын абаттандыру, инфрақұрылымға инвестиция салу және сонымен қатар азаматтардың жағалауға еркін қол жеткізу құқығын сақтау қажет, — деп атап өтілді отырыс барысында.
Су кодексіне енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сарапшылар мемлекет табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен өзендер мен көлдердің экологиялық жағдайын бақылауды күшейтіп отырғанын атап өтті.
Салалық кеңес мүшелері кәсіпкерлердің жағалау сервисіне инвестиция салуға дайын екенін, алайда ашық әрі түсінікті ережелер қажет екенін жеткізді. Көп жағдайда құқықбұзушылықтар жер және су заңнамасының кейбір өзара қиылысатын тұстарын толық білмеуден туындайды.
Біздің міндет — тепе-теңдік табу. Бір жағынан, біз жұмыс орындарын ашып, ішкі туризмді дамытып отырған бизнестің мүддесін қорғаймыз. Екінші жағынан, облыс тұрғындарының су жағасында еш кедергісіз демалуына заңды құқықтарын қамтамасыз етуіміз керек, — деп атап өтті Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында.