Таңбалау және логистика: Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында бизнеске арналған «цифрлық» шешімдер талқыланды

15.04.2026
Таңбалау және логистика: Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында бизнеске арналған «цифрлық» шешімдер талқыланды

 

Палата алаңында сауда, өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) мәселелері бойынша салалық кеңестердің бірлескен отырысы өтті. Мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар және өңірдің бизнес қауымдастығы сыра өнімдерін таңбалау ерекшеліктерін, сондай-ақ заманауи көлік-логистикалық платформаларды енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесу Кәсіпкерлер палатасы алаңында Кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығының директоры, Өңірлік кеңес мүшесі Валентина Шмонина мен Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Амангелді Бекетаевтың төрағалығымен өтті. Талқылауға онлайн және офлайн форматта өндірушілер, ритейлерлер және Палатаның аудандық филиалдарының басшылары қатысты.

Алғашқы әрі ең қызу талқыланған мәселе — сыра өнімдерін ақпараттық жүйелерде (ИС МПТ және ОФД) таңбалау ерекшеліктері болды. Кездесудің басты тұжырымы: техникалық дайын еместік немесе номенклатурадағы қателіктер өнім есебін жүргізуге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Изображение

«Kost-Kassa» ЖШС өкілі Марсель Хусаинов тауарлардың қадағалануына қатысты техникалық аспектілерге егжей-тегжейлі тоқталды. Сарапшының айтуынша, тауар карточкаларын дұрыс енгізбеу және деректерді кассалық жабдық арқылы беру кезінде жіберілетін қателіктер бүкіл сала үшін мәселелер тізбегін туындатады.

Кәсіпорындар қазірдің өзінде кездесіп отырған практикалық қиындықтарға ерекше назар аударылды. «Бавария» ЖШС-нің бас бухгалтері Гульнар Истлеуова таңбалау процесіндегі нақты жағдаймен бөлісті. Ал Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Самат Бигужин жағдайға түсініктеме бере отырып, бизнеске айыппұлдар мен бұғаттаулардан сақтануға көмектесетін құқықтық әрекет алгоритмдерін түсіндірді.

Алдыңғы кездесулер көрсеткендей, сыра өнімдерін таңбалау көптеген нюанстарды қамтиды. Біздің мақсатымыз – оларды өндіріс–логистика–өткізу тізбегі үшін күрделі мәселеге айналмай тұрып жан-жақты талқылау, – деп атап өтті Амангелді Бекетаев.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе — COUBE цифрлық көлік-логистикалық платформасының таныстырылымы болды. «COUBE» ЖШС директоры Тофик Гусейнов жүк тасымалдарын оңтайландыруға және жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар арасындағы өзара әрекеттесуді барынша ашық етуге бағытталған жобаны ұсынды.

Өңірдің бизнес қауымдастығы платформаға үлкен қызығушылық танытып, оны жергілікті өндіріс пен АӨК қажеттіліктеріне енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Логистиканы цифрландыру тауарлардың өзіндік құнын төмендету және Қостанай өнімдерінің өткізу нарықтарын кеңейту үшін маңызды қадам ретінде қарастырылуда.

Отырыс пікір алмасумен аяқталды.