Қостанай облысының АӨК: мал шаруашылығын дамыту перспективалары

20.04.2026
Қостанай облысының АӨК: мал шаруашылығын дамыту перспективалары

 

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының АӨК мәселелері жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында мал шаруашылығын дамыту және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру негізгі тақырыптарға айналды.

Субсидиялау бойынша жағдайға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлік Досмұхамедов түсініктеме берді. Ағымдағы жылы субсидиялау бағдарламаларына 84,9 млрд теңге бөлініп, бұл 2025 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артық. Бүгінгі таңда осы қаражаттың шамамен 50%-ы игерілген.

Өткен жылдардағы берешектерді өтеу қажеттілігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті бюджеттік өтінімдер жолдады. Қосымша қаражат бөлу мәселесі мамыр айында өтетін облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында қаралатын болады. Өз кезегінде қауымдастық төрағасы Александр Бородин басым бағыт ретінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жөніндегі берешекті өтеу қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші маңызды мәселе — аграршылардың мал шаруашылығын жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысуы болды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қостанай филиалының несиелеу бөлімінің басшысы Тимур Мусиннің айтуынша, асыл тұқымды импорттық мал сатып алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Бағдарламалар шарттары:
• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6%.
• Несие мерзімі: 7 жылға дейін.
• Жеңілдік кезеңі: сүт бағытындағы мал үшін 30 айға дейін, ет бағытындағы мал үшін 24 айға дейін.
• Өзіндік қатысу: кемінде 15%.
• Бір бас малдың құны бойынша лимиттер: 1,8 млн теңгеге дейін (сүт бағытындағы қашарлар), 1,2 млн теңгеге дейін (ет бағытындағы тұқымдар), 1,8 млн теңгеге дейін (өндіруші бұқалар).
• «Игілік» бағдарламасы: несие сомасы — 1 млрд теңгеге дейін, мал саны — 100-ден 500 басқа дейін.
• «Береке» бағдарламасы: несие сомасы — 5 млрд теңгеге дейін, мал саны — 500 бастан жоғары.

Тимур Мусин өтінімдер бойынша қаражаттың түсуі сәуір айының соңы — мамыр айының басында күтілетінін нақтылады.

Кеңес қатысушылары отандық мал тұқымдарын дамыту қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді. Олар өздерінің жоғары селекциялық көрсеткіштерін дәлелдеп қана қоймай, Қазақстанның климаттық жағдайларына барынша бейімделген.

Перспективалық шешім ретінде АКК өкілі «Жайлау» бағдарламасын әзірлеу туралы хабарлады. Бұл бағдарлама жайылымдық (отгондық) мал шаруашылығын дамытуға және отандық мал басын сатып алуға бағытталып, жылдық 6% мөлшерлемемен ұсынылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несиелерге кепілдік беру мәселесі қарастырылуда, бұл фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін одан әрі жеңілдетеді.