«Атамекен» ҰКП ЭШФ жүйесінің «бұғатталуына» қатысты жағдайды түсіндірді

21.04.2026
«Атамекен» ҰКП ЭШФ жүйесінің «бұғатталуына» қатысты жағдайды түсіндірді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) жүйесінің бұғатталып  жатқаны туралы ақпарат таралған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәліметтерді жоққа шығарып, мұндай шаралар бизнеске әдейі шектеу қою үшін емес, техникалық қауіпсіздік мақсатында қолданылып отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың қатысуымен өткен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен ЭШФ ақпараттық жүйесінің тұрақты жұмысы жан-жақты талқыланған онлайн-кездесу қорытындысы бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілген еді.

Әсет Тұрысовтың айтуынша, бұл жерде кәсіпкерлерге қатысты қандай да бір ерікті санкциялар орын алып жатқан жоқ. Жүйеге қолжетімділікті шектеу тек қорғаныс сипатында жүзеге асырылады және келесі жағдайларда іске қосылады:

– Аномалды белсенділік: бухгалтерлік бағдарламалардың дұрыс бапталмауы салдарынан кейбір компаниялар тәулігіне миллиондаған сұраныс жіберуі мүмкін;

– DDoS-шабуылдардан қорғаныс: ақпараттық қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес мұндай жүктеме жүйе тарапынан хакерлік шабуыл ретінде қабылданып, бүкіл желінің тұрақтылығын сақтау үшін нақты IP-мекенжайлар уақытша бұғатталады;

– Нысаналы топ: шектеулер негізінен есеп жүйелерімен терең интеграцияланған ірі компанияларға қатысты қолданылады.

«Шағын және орта бизнес үшін ешқандай қосымша шектеулер немесе бұғаттаулар қойылмаған. Бұл шаралар кәсіпкерлік қызметті шектеуге емес, жүйені қорғауға бағытталған», – деп атап өтті Ұлттық палатада.

Бизнес тарапынан техникалық ақауларды жою бойынша ұсыныстардың елеулі бөлігі қазірдің өзінде іске асырылған. Мемлекеттік ІТ-сервиистерді жетілдіру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Желі қолданушылары мен кәсіпкерлерден, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.