Қарағандыда бизнесті қолдау және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

22.04.2026
Қарағандыда бизнесті қолдау және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Қарағанды облысы Кәсіпкерлерпалатасында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті өкілдерінің, бизнес-қоғамдастықтың және Қарағандымен Ұлытау облыстарының жергіліктіатқарушы органдарының қатысуыментоптық кеңес өтті. Кездесудің негізгітақырыптары – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасынтұрақтандыру, базарларды жаңғыртужәне кәсіпкерлік қызмет жүргізушарттары болды.

Министрлік мәліметінше, 2026 жылдыңбірінші тоқсанының қорытындысы бойыншаҚазақстандағы сауда айналымы 13,7%-ғаөсіп, 16,1 трлн теңгеге жетті. Әлеуметтікмаңызы бар азық-түлік тауарлары бағасыныңиндексі жыл басынан бері 101,4% болды.

Негізгі шаралардың бірі – ӘМАТ тізбесін19-дан 31 тауар тобына дейін кеңейту болды.

«Тізімді кеңейтудегі басты мақсат – халықкүнделікті сатып алатын және тұтынатынтауарларды қамту. Бұл – іс жүзінде негізгіазық-түлік қоржыны. Сонымен қатар тізім уақытша сипатқа ие – жаз мезгілінде бизнес ұсыныстарын ескере отырып қайта қаралады», — деп атап өтті ҚР СИМ Саудакомитетінің өкілі Ернұр Бөкімбаев.

 Сонымен қатар бизнес-қоғамдастық тізімнің кеңеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Талқылаудың маңызды бағыттарының бірі– халықты қолдаудың цифрлық құралдарыненгізу, атап айтқанда «Әлеуметтік әмиян» жобасы болды.

«Бүгінде тұрақтандыру тетіктерін әкімшілендіруге едәуір қаражат жұмсалады. Осыған байланысты әлеуметтік әмиян жобасы әзірленді. Жыл соңына дейін ол барлық өңірлерде енгізіледі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін өнімдер сауда үстемесінсіз, өзіндік құнымен ұсынылады», – деді Ернұр Бөкімбаев.

 Кәсіпкерлер жобаға бизнестің қатысумүмкіндігін кеңейтуді ұсынды.

«Жобаға тек жекелеген сауда желілері емес, барлық сауда нысандары қатыса алуы маңызды. Шағын бизнес бұл жүйеден тысқалмауға тиіс – олар үшін бұл тауар айналымы мен өзіндік құнын төмендетумәселесі», – деп атап өтті кәсіпкер Владимир Быков.

2026 жылы сауда саласын мемлекеттікқолдау көлемі екі есе – 5 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. 

Айта кетсек, кәсіпкерлер үшін пайыздықмөлшерлемені субсидиялау және несиелердікепілдендіру түрінде қолдау шараларықолжетімді. Сонымен қатар қарсы міндеттемелер қарастырылған, соның ішінде сөрелерде қазақстандық азық-түлік тауарларының үлесі кемінде 50% болуға тиіс.

Бұдан бөлек, өндірушілермен бағабойынша меморандумдар жасалған: жұмыртқа (С1 санаты) 55 теңгеден жоғарыболмауы керек, ал ет өнімдері ішкі нарыққажеткізілім бойынша белгіленген бағаменьеріледі.

Талқылау барысында кәсіпкерлер сауда үстемесіне қатысты қолданыстағы шектеулер мәселесін көтерді. Мәселен, ет дүкендері сияқты кейбір бизнес түрлері үшін 15% үстеме жеткіліксіз. Өзіндік құнға бөлшектеу, шығындар мен логистика кіреді. Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу қиын.

Сондай-ақ жеткізушілермен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Тексерулер негізінен бөлшек саудаға бағытталған. Ал көтерме бағамен жеткізушілер кейде тиісті құжаттамасызжұмыс істейді. Соның салдарынанжауапкершілік соңғы сатушыға жүктеледі», –деді бөлшек сауда қауымдастығының өкіліОльга Егорова.

Министрлікте жеткізу тізбегін ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қазір өзгерістер енгізілуде: келісімшартміндетті түрде жасалып, құжатпен расталуғатиіс. Растайтын құжаттар болған жағдайда кәсіпкерге қатысты сұрақтар туындамайды», – деп түсіндірді Ернұр Бөкімбаев.

 Жиында талқыданған тағы бір маңызды мәселелердің бірі – көлеңкелі бизнестіңболуы.

«Адал кәсіпкер салық төлейді, ал қатарында қолма-қол есеп айырысуменжұмыс істейтін жеткізушілер бар, бұлбәсекелестікке кері әсер етеді», – деп атапөтті Ұлытау облысындағы сауда желісініңөкілі.

Министрлік өкілдері мұндай тәжірибелермен күрес күшейтілетінін жеткізді.

 «Кәсіпкерлік қызмет ашық түрде – ресмитіркеліп, салық төлеу арқылы жүргізілуге тиіс. Көлеңкелі схемаларға қарсы жүйелі жұмыс жүргізіледі», – деді Ернұр Бөкімбаев.

 Жиын барысында отандық өнімдерді ілгерілету мәселесі де қаралды.

«Импорттаушылар сөрелермен, оныңішінде мерчендайзинг арқылы белсендіжұмыс істейді. Ал жергілікті өндірушілердемұндай мүмкіндік жоқ, соның салдарынанолардың өнімдері қолайсыз орындарғақойылады», – деп атап өтті Eurasian Foodsкомпаниясының өкілі Зайнулла Ибрагимов.

Министрлікте жаңа талаптар енгізіліп жатқанын хабарлады. 

«Әңгіме тек өнім үлесі туралы емес, сонымен қатар оның орналасуы туралы – әр санатта және көрінетін позицияларда болуғатиіс. Бұл бағыттағы бақылау күшейтіледі», –деді Ернұр Бөкімбаев.

Сондай-ақ, кеңесте Қарағандыоблысындағы базарларды жаңғырту барысытаныстырылды: «Шығыс» базары 2026 жылдың II тоқсанында аяқталады, «Горняк» –2026 жылдың желтоқсанында, «Алтын Арба»2026 жылдың маусымында басталып, 2027 жылы аяқталады, «Қайрат» базары бойынша жер учаскесін алып қою мәселесі қаралуда.

 Кездесуге қатысушылар мемлекет, бизнес және халық мүддесі арасындағы тепе-теңдікті сақтау негізгі міндет екенін атап өтті. 

«Ең бастысы – түсінікті әрі ашық ережелерқалыптастыру. Кез келген жаққа ауытқу теріс салдарға әкелуі мүмкін. Мемлекет жағдайжасауға тиіс, бірақ кәсіпкерлік қызметкешамадан тыс араласпауы қажет», – деп атапөтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлерпалатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес тарапынан айтылған барлық ұсыныстар ҚР СИМ жанындағы Ситуациялық штабқа және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданатын болады.