«Атамекен» бәсекелестікті ілгерілету үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ сатып алу тәжірибесіне қойылатын талаптарды азайтуды ұсынады
2026 жылдың 20 сәуірінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану Комитетінің отырысында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов сөз сөйлеп, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ сатып алуларындағы бәсекелестікті шектеу мәселесін көтерді.
Оның айтуынша, «Ұңғымаларды байлау жұмыстары» санаты бойынша қолданыстағы біліктілік талаптары айтарлықтай қатайтылды: бұрынғы «5 жыл ішінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі» критерийінің орнына «соңғы 5 жыл ішінде кемінде 5 жыл» деген талап енгізілді.
«Мұндай жағдайлар әлеуетті жеткізушілер ортасын күрт тарылтып, бәсекелестікті шектейді. «Қазатомөнеркәсіптің» саладағы үстемдігін ескерсек, бұл мәселе өте өткір», - деп атап өтті Мұратбек Маханов.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқа жұмыс түрлері бойынша талаптар үш жылдық деңгейде қалып, бизнес үшін біркелкі емес жағдай туғызатынын атап көрсетеді.
Сондай-ақ белгіленген 5 пайыздық демпингтік шек толық игерілмей, іс жүзінде 1 пайыз шамасында қалып отырғаны айтылды. Бұл айтарлықтай тәуекелдер тудырмайды, бірақ соған қарамастан компаниялардың сатып алуларға қолжетімділігін шектейді.
Палатаның пікірінше, қазіргі талаптар нарықты жаңадан келгендер мен тиісті тәжірибесі бар компаниялар үшін іс жүзінде жабық етіп, сегментте екі-үш белсенді жеткізушіні ғана қалдырады.
Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесін қалпына келтіруді және жұмыстың барлық санаттары бойынша біркелкі көзқарасты қамтамасыз етуді ұсынады.
Бұл бастама Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен қолдау тапты.