ЕАЭО-тағы кедергілер және техникалық реттеудің жаңа ережелері: Астанада өткен кеңес қорытындысы

23.04.2026
ЕАЭО-тағы кедергілер және техникалық реттеудің жаңа ережелері: Астанада өткен кеңес қорытындысы

Жуырда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық реттеудің өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті. Талқылауға ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі (министрі) Александр Субботин, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен  ЕАЭО-қа мүше елдердің бейінді ведомстволарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу мәселелері шығарылды.

ҰКП мәліметінше, интеграция жөніндегі келісімдерге қарамастан, ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілер легі толастамай тұр.

Мәселен, талқыланған тақырыптардың бірі – Ресей Федерациясы Үкіметінің 2026 жылғы ақпанда қабылданған қаулысы. Құжатқа сәйкес, егер ЕАЭО-ға мүше басқа елдің сертификаттау органы бір жыл ішінде үш рет заңбұзушылыққа жол берсе, Ресейдің ұлттық аккредиттеу органы соңғы 12 айда осы орган берген барлық құжаттарды Ресей аумағында жарамсыз деп тануға құқылы.

Сарапшылар бұл норманың:

·        Адал өнімге тыйым салу: барлық талаптарға сай рәсімделген құжаттары бар тауарлар да шектеуге ұшырауы мүмкін;

·        ЕАЭО туралы шартты бұзу; аталған норма тауарлардың еркін айналымы және бизнеске келтірілетін басы артық кедергілерге жол бермеу қағидаттарына қайшы келетіні секілді елеулі тәуекелдер туғызатынына назар аударып отыр.

Реттеуші органдардың ұстанымына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия, сондай-ақ Қазақстан, Беларусь және Қырғызстанның уәкілетті органдары бұл нормада айқын сауда кедергісінің белгілері бар деп танып отыр.

Талқылаудың тағы бір маңызды бағыты – өндірушілер уәкілеттік берген тұлғалар тізіліміне қатысты. Бұл тізілім хабарламалық қағидат бойынша қалыптасуы тиіс деген келісімге қарамастан, ЕЭК-ның қолданыстағы тәртіп жобасына да қайшы келіп отырғаны анықталған.

Жоба нормалары мемлекеттік органның шешімін күтеді. Бұл іс жүзінде хабарламалық тәртіпті рұқсат беру жүйесіне айналдырып отыр.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл рұқсат беру нормаларын алып тастауды талап етуде. Қазақстан тарапы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу тек алдын ала мақұлдаусыз тізілімге еркін кіруге кепілдік берілген жағдайда ғана мүмкін екенін алға тартады.

Еуразиялық экономикалық комиссия аталған мәселені қосымша пысықтамақ.