Қарағандыда кәсіпкерлерге франчайзинг арқылы ауқымдалу жолдары үйретілді

24.04.2026
Қарағандыда кәсіпкерлерге франчайзинг арқылы ауқымдалу жолдары үйретілді

Қарағанды қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпті жүйелеу саласының сарапшыларымен кездесу өтті. Делегацияны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлерпалатасы ШОБ дамыту комитетінің төрағасы,франчайзинг бойынша сарапшы, Lanzhou жеделтамақтандыру желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майғарина бастап келді. Іс-шара Қазақстанның 17 қаласын қамтитын ауқымды республикалық тур аясында ұйымдастырылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы (CAAF) бірлесіп жүзеге асырып отырған жоба отандық шағын және орта бизнесті трансформациялауға бағытталған. Басты мақсат — жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге (дүкен, кафе, өндіріс иелеріне) бизнесті жаңа деңгейге шығаруға арналған нақты құралдар ұсыну.

Семинарға қызығушылық жоғары болды: алаңға өңірдің шамамен 100-ге жуық кәсіпкері жиналды.

Кездесудің негізгі өзегі — бизнесті кеңейту тек жаңа нүктелер ашумен шектелмей, ең алдымен тиімді басқару мен есеп жүйесін қалыптастыру екендігіне баса назар аудару болды.

— Бүгін біз кәсіпкерлерге жергілікті бизнесті жүйелі форматқа көшіруге және франчайзинг арқылы ауқымдауға мүмкіндік беретін нақты құралдарды ұсынып отырмыз. Франчайзинг — бұл табысты үлгіні қайталау. Сондықтан ең алдымен қаржылық тәртіп орнатып, ақша ағымын есептеу кестелерін енгізіп, басқарудың нақты алгоритмдерін қалыптастыру қажет. Біздің мақсатымыз — қазақстандық кәсіпкерлердің шағын бизнестен ірі ұлттық брендке айналуына ықпал ету, — деді Гүлбану Майғарина.

Сонымен қатар ол «KazBrand» байқауының екінші маусымын таныстырды. Финалға өткенқатысушыларға ішкі бизнес-процестердіреттеуден бастап, алғашқы франшизалардысатуға дейін бір жыл бойы сараптамалық қолдаукөрсетіледі. Айта кету керек, финалға өтпеген қатысушылар да алты ай бойы бірегей білім базасына тегін қол жеткізе алады.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасыдиректорының орынбасары Ерлан Қалиев өңірде бизнесті ауқымдаудың заманауи әрі тиімді модельдеріне қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті.

— Бүгінде франчайзинг — бұл тек бизнес жүргізу форматы емес, табысты үлгіні тиімді таратуға мүмкіндік беретін құрал. Ол тәуекелдерді азайтып, жобаларды жылдам іске қосуға жол ашады. Қарағанды облысында бұл бағытта оң динамика байқалады: кәсіпкерлер дайын бизнес-процестер мен танымал брендтерге қол жеткізіп, осы форматты жиі таңдай бастады. Дегенмен бұл модель жоғары тәртіп пен стандарттарды қатаң сақтауды талап етеді. Біздің міндетіміз — кәсіпкерлер тек дайын франшизаларды сатып алып қана қоймай, өздерінің бірегей брендтерін қалыптастырып, оларды өзге өңірлерге ұсына алатын қолайлы орта қалыптастыру, — деді ол.

Кәсіпкерлер үшін мұндай кездесулер өзекті сұрақтарға тікелей сарапшылардан жауап алуға мүмкіндік береді.

Республикалық тур 2026 жылдың 4 мамырына дейін жалғасады. Сарапшылардың пікірінше, бизнесті жүйелеу және табысты модельдерді франшизаға айналдыру Қазақстанда жаңа, мықты ұлттық брендтердің қалыптасуына серпін береді.