ЕАЭО-дағы навигациялық пломбалар: Қазақстан тасымалдаушылар мүддесін қорғайды

27.04.2026
ЕАЭО-дағы навигациялық пломбалар: Қазақстан тасымалдаушылар мүддесін қорғайды

«Атамекен» ҰКП-да жүк көліктеріне арналған «цифрлық құлыптарды» енгізу мәселесі талқыланды. Негізгі проблема – Одақ елдері өндірісіндегі құрылғылардың тапшылығы.

Импорттық пломбаларды пайдалануға тек 2026 жылдың қыркүйегіне дейін ғана рұқсат етілген, ал іс жүзінде жүйе тек 2026 жылдың ақпанында ғана іске қосылды. Қазақстан бұл мерзімді 2028 жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр.

Қазіргі пломбалар паркін сатып алуға бюджеттен 3,2 млрд теңге жұмсалған. Жабдықтарды асығыс ауыстыру бизнеске қаржылық шығын әкеліп, логистикада іркілістер туғызуы мүмкін.

Жергілікті зауыттарға сапалы өнімді жаппай өндіруді жолға қою үшін уақыт қажет.

Бизнес қауымдастық заңбұзушылық деңгейі төмен сенімді операторларды міндетті пломбалаудан босатуды ұсынып отыр.

Қазақстан пломбалау мерзімін кейінге қалдыру қажеттілігін негіздеу және жабдық тапшылығынан нарықты қорғау үшін ЕЭК-ға талдамалық материалдар дайындап жатыр.