ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімділігі талқыланды

30.04.2026
ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімділігі талқыланды

Өңірге жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тұғжанов Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында кеңес өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және халық табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы болды.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысында бағдарламаның операторы – «Өскемен Атамекен» МҚҰ. Жеңілдетілген несиелеу тетігі арқылы ауыл тұрғындары өз ісін ашуға, қолданыстағы өндірістерін кеңейтуге және жергілікті жерлерде жұмыспен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік алып отыр.

Кеңес барысында айтылған деректерге сәйкес, бағдарлама аясында өңірде ондаған жоба қаржыландырылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдық жерлердегі шағын бизнестің дамуына қолдау көрсетілген. Әсіресе ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және қызмет көрсету салаларындағы жобаларға басымдық берілуде.

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тұғжанов бағдарламаны тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың нақты құралына айналуы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ қаржыландырудың қолжетімділігі мен жобаларды сүйемелдеуге қатысты бірқатар практикалық мәселелер көтерілді.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірде бағдарламаны іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ауыл тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.