Саранда бизнес-қоғамдастық «Таза Қазақстаным, таза Атамекенім» экологиялық акциясы аясында бірікті

12.05.2026
Саранда бизнес-қоғамдастық «Таза Қазақстаным, таза Атамекенім» экологиялық акциясы аясында бірікті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашы болған «Таза Қазақстаным, таза Атамекенім» республикалық челленджі аясында Саран қаласында экологиялық акция өтті.

Іс-шара бизнес өкілдерін, ірі кәсіпорындарды, қоғам белсенділері мен қала тұрғындарын бір алаңға біріктірді. Акцияны ұйымдастырушы — Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы.

Акция аясында қатысушылар Саран қаласының адам көп шоғырланатын аумақтарының бірінде ағаш отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға жалпы саны 100-ден астам адам қатысты.

Изображение

 

Қарағанды облысында челленджді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «A.V. Group» ЖШС бас директоры Владимир Алескеров қолдады.

«Бүгін кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен бірге Сарань қаласын жасыл, таза әрі өмір сүруге қолайлы етуге өз үлесімізді қосып жатырмыз. Осындай бастамалар бизнес пен қоғамды туған жерге деген жанашырлық пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік төңірегінде біріктіреді», — деді Владимир Алескеров.

Челлендж аясында қатысушылар табиғат пен туған жерге арналған қазақ ақындарының өлеңдерінен үзінді оқыды.

Изображение

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және тұрғындарды елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына тарту.

Іс-шара соңында Саран қаласының бизнес-қоғамдастығы экологиялық челлендж эстафетасын Балхаш кәсіпкерлеріне жолдады.