AI, маркетинг және мемлекеттік қолдау: Қарағандыда «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС» форумы өтеді

12.05.2026
AI, маркетинг және мемлекеттік қолдау: Қарағандыда «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС» форумы өтеді

14 мамыр күні Қарағандыда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, бизнестегі заманауи трендтер мен цифрлық технологияларға арналған «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС» форумы өтеді. Форумға қатысу тегін.

Форум Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының үйінде өтеді. Ауқымды алаң кәсіпкерлерді, сарапшыларды, мемлекеттік органдар өкілдерін, бизнесті қолдау институттарын және өңірдің іскер қауымдастығын біріктіреді.  

Қатысушыларды топ-спикерлердің баяндамалары, практикалық мастер-класстар, табысты кәсіпкерлердің нақты кейстері мен тиімді нетворкинг күтеді. Форум аясында Қарағанды облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Даму» қоры, Еңбек мобильдігі орталығы, Кәсіпкерлер палатасы өкілдері, сондай-ақ AI-маркетинг, цифрлық технологиялар және бизнесті ілгерілету саласының сарапшылары сөз сөйлейді.  

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісовтің айтуынша, форум кәсіпкерлер үшін тәжірибе мен нақты құралдарға негізделген тиімді алаң болмақ.

«Біз бір алаңда мемлекеттік органдарды, бизнесті қолдау институттарын, табысты кәсіпкерлер мен заманауи сарапшыларды біріктіруге тырыстық. Қазіргі таңда кәсіпкерлер үшін цифрлық құралдарды енгізу, жаңа нарық талаптарына бейімделу және бизнесті дамытудағы заманауи тәсілдерді пайдалану аса маңызды. Сондықтан форум барынша практикалық форматта өтеді», — деді Ернар Күлпейісов.

Форумда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, ШОБ-ты дамытудың жаңа тетіктері, AI құралдары, цифрлық маркетинг, жеке брендті қалыптастыру және әйелдер көшбасшылығы тақырыптары қозғалады.  

Сонымен қатар форум аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылар мен өңір қолөнершілерінің көрмесі ұйымдастырылады.  

Форум 14 мамыр күні сағат 09:00-де Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғылы, 64 мекенжайында басталады.  Форумға тіркелу: https://forms.gle/LeGQh2dUxfqWEFum9