CMC Central Asia халықаралық сарапшылары Қостанай облысы бизнесінің жүйелі мәселелерін зерттеуде
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес саласындағы жүйелі мәселелерді анықтауға бағытталған ауқымды сауалнама бастамасын көтерген Орталық Азия менеджмент-консультанттар палатасының (CMC Central Asia) басшылығымен кездесу өтті.
Бұл зерттеудің мақсаты — жергілікті кәсіпкерлерден нақты кейстерді жинау және талдау. Алынған деректер өңірдегі бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты басқарушылық және құқықтық шешімдерге айналдырылатын болады.
Сауалнамалар мен фокус-топтар арқылы біз кәсіпкерлердің «ауыртпалық нүктелерін» анықтап, оларды шешім қабылдау деңгейіне жеткізуге көмектесеміз, — деп атап өтті Палата төрайымы Гүлсім Ахтамбердиева

CMC Central Asia — өңірдегі халықаралық ICMCI (CMC-Global) желісінің толыққанды мүшесі болып табылатын жалғыз ұйым. Бұл Қостанай кәсіпкерлеріне жаһандық сараптамаға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Палата қызметі барысында оның мүшелері экономиканың түрлі салаларында 2000-нан астам табысты жобаны жүзеге асырған.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаевтың айтуынша, кездесудің қорытындысы ретінде Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы мен CMC Central Asia ресурстарын біріктіру туралы шешім қабылданды.
Бұл әрбір сын-қатерге сараптамалық әрі жүйелі шешім табылатын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі болмақ.