Асылан Ибадуллаев Келестегі өндіріс орындарының жұмысымен танысты

04.05.2026
Асылан Ибадуллаев Келестегі өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Осы ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Келес ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірдегі өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Сапар барысында ол «НУРБОЛАТ» өндірістік кооперативінің емхана құрылысымен танысты. Аталған нысан қазіргі уақытта салынып жатыр, алайда әлі толық аяқталмаған.

Изображение

Кездесу кезінде бизнес өкілдері өзекті мәселелерін жеткізіп, өндірісті қаржыландыру және инфрақұрылымға қатысты түйткілді мәселелер көтерілді. Палата директоры айтылған барлық ұсыныстар назарға алынатынын атап өтіп, тиісті қолдау шаралары қарастырылатынын жеткізді.

Изображение

Сондай-ақ, іссапар аясында Асылан Сейлбекұлы “Nur Tex” брендімен өнім шығаратын шұлық өндіріс цехының жұмысымен танысты. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған бұл өндіріс орны ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, болашақта экспорттық әлеуетті арттыруды көздеп отыр. Кәсіпорынның басты ерекшелігі – сапаға басымдық беру және бәсекеге қабілетті өнім шығару.

Изображение

Жалпы, Келес ауданындағы бұл сапар өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, өндіріс орындарының әлеуетін арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болды. Мұндай кездесулер билік пен бизнес арасындағы байланысты нығайтып, кәсіпкерлердің мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді.