«Тұран Электроникс» ақпараттық технологиялар қауымдастығы Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өтті

13.05.2026
«Тұран Электроникс» ақпараттық технологиялар қауымдастығы Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өтті

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстандық ақпараттық технологиялар қауымдастығы «Тұран Электроникс» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігін салалық қауымдастық ретінде аккредиттеді.

Шешім ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша және «Атамекен» ҚР ҰКП жүйесіндегі кәсіпкерлік қызмет саласындағы қауымдастықтарды (одақтарды) және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды аккредиттеу қағидалары мен біліктілік талаптарына сәйкес қабылданды.

Тиісті аккредиттеу туралы куәлік белгіленген тәртіппен берілді.

Айта кету керек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесіндегі аккредиттеу салалық бірлестіктің белгіленген талаптарға сәйкестігін растап, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін басқару органдарында және «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыс органдарында білдіруге мүмкіндік береді.