Балқашта 500-ге жуық бизнес өкілі «Таза Қазақстаным, таза Атамекенім» экологиялық акциясын қолдады
Балқашта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашы болған «Таза Қазақстаным, таза Атамекенім» республикалық челленджі аясында ауқымды экологиялық акция өтті.
Іс-шараны Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы, ӨКП-нің Балқаштағыфилиалы және қалалық Кәсіпкерлер кеңесі ұйымдастырды.
Балқаш экологиялық эстафетаны Сараннанқабылдап алды. Іс-шараға 488 бизнес өкілі, ірі кәсіпорындар, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Экологиялық бастама аясында іс-шараға қатысушылар Қазбекова көшесіндегі шағын сквер аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Аумақ қоқыс пен қураған шөптерден тазартылып, көгалдандыруға арналған орындар дайындалды,сондай-ақ көшеттер отырғызылып, ағаштар мен субұрқақ әктелді.
Қалалық Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Ларионов бизнестің экологиялық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Бүгін Балқаш кәсіпкерлері бизнес – тек экономика ғана емес, өзіміз өмір сүретін қалаға деген жауапкершілік те екенін көрсетті. Осындай бастамаларға бизнес біріге отырып атсалысқанда, адамдардың қоршаған ортаға, өз ауласына және туған қаласына деген көзқарасы да өзгереді», –деді Вячеслав Ларионов.
Іс-шара барысында туған жер мен табиғатқа арналған шығармалардан үзінділер оқылды. Қалалық Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Зәуре Әбдікәрімова Балқаш туралы өлең оқыды. Сонымен қатар ол акция қатысушыларына өз өндірісінен шығарылатын «Тоқырау» квасы мен суын ұсынды. Айта кетсек, компания өнімі – «Қазақстанның үздік тауары» республикалық сыйлығының номинанты.
Сенбілікке қатысушыларға «Улыбка» желісі де қолдау көрсетті. Кәсіпкер Наталья Болдачеваакция қатысушыларына арнайы ас-суын ұйымдастырды.
Іс-шараның ұйымдастыру жұмыстарын Балқаш қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Азамат Каржановүйлестірді.
Экологиялық акция соңында қатысушылар челлендждің басты «Таза Қазақстаным, таза Атамекенім!» ұранын айтты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция бизнестің қоғамдық және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының тағы бір жарқын үлгісіне айналды.