Қарағандыда өткен «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС» форумында AI, мемлекеттік қолдау және кәсіпкерліктің болашағы талқыланды
Қарағандыда өткен ауқымды «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС» форумы 300-ден астам қатысушыны жинады. Форум кәсіпкерлерді, сарапшыларды, мемлекеттік органдар өкілдерін, бизнеске қолдау көрсету институттарын және өңірдің іскер қауымдастығы көшбасшыларын бір алаңға біріктірді. Достық үйінде өткен іс-шарада 2026 жылдың негізгі трендтері — жасанды интеллект, цифрлық трансформация, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және бизнесті мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері талқыланды.
Форумның ашылуында «Атамекен» ҚР ҰКП Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің төрағасы Лейла Күленова сөз сөйледі.
«Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасының толыққанды бір бөлігіне айналды. Осындай алаңдар кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер табуға, серіктестік орнатуға және тәжірибе алмасуға жол ашады», — деді Лейла Күленова.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов форумның басты мақсаты бизнеске нақты тәжірибелік құралдар ұсыну екенін атап өтті.
«Қазір кәсіпкерлер өзгерістерге тез бейімделіп, digital-құралдар мен заманауи технологияларды белсенді қолдануы қажет. Біздің мақсат — бизнеске нақты кейстер, пайдалы байланыстар және бірден қолдануға болатын тәжірибелік құралдар беру», — деді Ернар Күлпейісов.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларытуралы Қарағанды облысының кәсіпкерлік жәнеөнеркәсіп басқармасының басшысы АсқарГазалиев баяндады. Ол пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, қарыздарға кепілдік беру, әлеуметтік кәсіпкерлер мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистеріне арналған мемлекеттік гранттар, сондай-ақ бизнеске инженерлік инфрақұрылым тарту бағдарламалары туралы айтты.

«Бүгінде кәсіпкерлер несие мөлшерлемесін субсидиялау, кепілдік беру, 5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз гранттар мен инфрақұрылымдық қолдау ала алады. Кәсіпкерлер осы мүмкіндіктерді өз жобаларын дамыту үшін белсенді пайдалануы маңызды», — деді Асқар Газалиев.
Жұмыспен қамту бағдарламалары мен кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы Қарағанды облысы Еңбек мобильдігі орталығы директорының орынбасары Ахат Оралкен айтты. Оның айтуынша, кәсіпкерлер субсидияланатынжұмыс орындары, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және халықты жұмыспен қамту бағдарламаларына қатыса алады.
Ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қарағанды облыстық филиалының директоры Мұхаммед Абдулин кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру құралдары жөнінде айтты.

«Бүгінде кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру бағдарламалары қолжетімді. Бұл — кепілдік мүлкі жеткіліксіз болса да, бизнесті бастауға және кеңейтуге мүмкіндік беретін нақты құралдар», — деді Мұхаммед Абдулин.
Форумның тәжірибелік бөлімі заманауи бизнес құралдары мен цифрлық трансформация тақырыбына арналды. Бизнес-коуч Ботагөз Ахметова маркетингтің 2026 жылғы трендтері мен тұтынушылар мінез-құлқындағы өзгерістер туралы айтты.
«Қазіргі тұтынушы жекелендірілген ұсынысты, жылдам жауап пен шынайы коммуникацияны күтеді. Осы өзгерістерге бейімделмеген компаниялар аудиториясы мен нарықтағы позициясын жоғалта бастайды», — деді Ботагөз Ахметова.
Форумда жасанды интеллект тақырыбына да ерекше назар аударылды. AI-маркетинг және E-commerce маманы Әсемнұр Бижанова чат-боттардан AI-агенттерге көшу және бизнес-процестерді автоматтандыру туралы баяндады.

«Бұрын чат-бот тек клиенттің сұрағына жауап берсе, қазір AI-агент CRM жүйесімен жұмыс істеп, клиенттерді жазып, деректерді талдап, коммуникация жүргізіп, процестерді автоматтандыра алады. Бұл — шағын бизнес үшін уақыт пен ресурсты үнемдеудің тиімді жолы», — деді Әсемнұр Бижанова.
Сонымен қатар форум өңір кәсіпкерлерінің шынайы табыс оқиғалары ұсынылған маңызды алаңға айналды. Қарағанды облысы бойынша КАНО филиалының жетекшісі Гульнара Сейсембекова өзінің кәсіпкерлік жолы туралы айтып берді. Оның сөзінше, бизнес шағын саудадан және алғашқы жеке қадамдардан басталып, бүгінде бірнеше жекеменшік балабақшаны қамтитын деңгейге жеткен.

Сондай-ақ ол КАНО қауымдастығы кәсіп бастағысы келетін жандар мен жұмыс істеп тұрған бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуге, бағыт-бағдар беруге, оқытуға және бизнесті дамытуға көмектесуге дайын екенін атап өтті.
«Бір ауыл – бірөнім» жобасының финалисі Жанар Каңтарбаевафиналға жету үшін бірнеше жыл еңбек етіп, тек үшінші қатысуында ғана БАБӨ финалисіатанғанын айтты.
Ал керамика шебері, WorkshopGuljan бренді негізін қалаушы Гүлжан Әбдіқашева өз өнімдерінің бүгінде халықаралық деңгейге шығып, шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырып отырғанын бөлісті.
Сонымен қатар форум аясында қолөнершілер мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы қатысушыларының көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері мен авторлық бұйымдары ұсынылды.

Форум кәсіпкерлер, сарапшылар мен қолдау институттары арасындағы ашық диалог пен нетворкинг алаңына айналды. Жиынға қатысушылар бүгінде бизнес үшін әлемдіктрендтерді бақылап қана қоймай, заманауитехнологияларды тез енгізу, мемлекеттік қолдауқұралдарын тиімді пайдалану және мықтыкәсіпкерлік қоғамдастықты қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.
