Қарағандыда «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстары бойынша оқыту семинары өтеді
Қарағанды облысының Кәсіпкерлерпалатасында бизнес өкілдеріне арналғанҚазақстан Республикасы Президентінің«Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалықкөрме-конкурсына қатысу мәселелерінеарналған оқыту семинары өтеді.
Іс-шара 2026 жылғы 20 мамырдаұйымдастырылып, өнім сапасын арттыруға, брендті дамытуға және отандық тауарлардыілгерілетуге мүдделі өңір кәсіпкерлерінбіріктіреді.
Семинар барысында қатысушыларғаконкурстарға қатысу тәртібі, өтінімдердірәсімдеуге қойылатын талаптар, бағалаукритерийлері және конкурс комиссиясы назараударатын негізгі аспектілер жан-жақтытүсіндіріледі. Сонымен қатар кәсіпкерлер конкурс материалдарын дайындау бойынша практикалықұсынымдар алып, сарапшыларға өздерінқызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Семинар лекторы — Қарағанды облысыныңКәсіпкерлер палатасының «Алтын сапа» сыйлығы мен ТМД елдерінің сапа саласындағысыйлығының асессоры, сарапшысы Татьяна Юн.
«Көптеген кәсіпкерлер конкурстық өтінімдідұрыс рәсімдеудің маңызын толық бағалайбермейді. Семинар барысында біз негізгіталаптарды, жиі жіберілетін қателіктерді және құжаттарды сапалы дайындауға көмектесетінпрактикалық мәселелерді жан-жақтыталқылаймыз», — деді Татьяна Юн.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасында сапа конкурстарына қатысу кәсіпорындардың бренд танымалдығын арттырып қана қоймай, серіктестер мен тұтынушылардың сеніміннығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
«“Алтын сапа” және “Қазақстанның үздіктауары” конкурстары жыл сайын отандықөндірушілерді қолдау мен ілгерілетудің тиімдіалаңына айналып келеді. Бұл бизнес үшін өз өнімінің сапасын көрсетуге, бәсекегеқабілеттілігін арттыруға және республикалықдеңгейде танылуға үлкен мүмкіндік», — дедіҚарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасыныңдиректоры Ернар Күлпейісов.
Семинар 2026 жылғы 20 мамыр күні сағат10:00-де Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайындағы Қарағанды облысыКәсіпкерлер палатасының 2-қабатындағыконференц-залда өтеді.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет:
forms.gle/eaULPk33q2SBRSm69 . Байланыстұлғасы: Татьяна Юн- +7 775 478 9481