Жаңаөзенде тігін ісі бойынша оқу орталығын ашу мәселесі талқыланды

18.05.2026
Жаңаөзенде тігін ісі бойынша оқу орталығын ашу мәселесі талқыланды

Бүгін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ер-Әділ Рахатұлы Жаңаөзендік кәсіпкер Болар Өтепқызын қабылдады.

 

Кездесу барысында кәсіпкердің тігін шеберханасы жанынан қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстарын ұйымдастыратын оқу орталығын ашу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, тігін ісі бағыты бойынша Жаңаөзен қаласындағы қыз-келіншектерді кәсіпке баулу және оларды жұмыспен қамту бағытындағы жоспарлар қарастырылды.

 

Аталған бастама өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпек.

 

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты жалғастырып, жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.