Құрметті кәсіпкерлер!
Биыл 23 мамырда Сіздерді жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің көшпелі отырысына қатысуға шақырамыз.
Іс-шара Астанада, EXPO халықаралық көрме орталығы ғимаратындағы «Ulttyq ónim» республикалық көрмесі алаңында өтеді. Қазақстанның барлық өңірлерінен шамамен 600 шағын және орта бизнес өкілінің қатысуы күтілуде.
Кездесу форматы – ашық микрофон және еркін диалог. Сессия толықтай практикалық кейстерді, нақты бизнес жағдайларын және Сіздердің сұрақтарыңызды талқылауға арналады.
Сіздер сарапшылар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға келесі тақырыптар бойынша тікелей сұрақ қоя аласыздар:
- салықтық әкімшілендіру және заңнаманың даулы тұстары;
- МКК цифрлық жүйелерінің жұмысы;
- ШОБ-ты қолдаудың жаңа және қолданыстағы шаралары.
Кездесудің барынша нәтижелі өтуі үшін сұрақтарыңызды алдын ала «Атамекен» ҰКП электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз: r.mukashev@atameken.kz