Қарағандыда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің жаңа бағыты талқыланды

21.05.2026
Қарағандыда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің жаңа бағыты талқыланды

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелеріне арналған форум өтті. Жиынның негізгі тақырыптары – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық бақылауды күшейту және ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыру болды. Форум жұмысына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Amanat» партиясы Қарағанды облыстықфилиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасыныңорынбасары, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының Бақылау кеңесінің мүшесіГүлнәр Бижанова болды. Ол өз сөзінде сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағызаңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен олардың бизнес пен квазимемлекеттік сектор үшін практикалық маңызына кеңінен тоқталды.

Изображение

Спикердің айтуынша, бүгінде Қазақстансыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңамоделіне көшуде. Бұл жүйеде комплаенсформалды рәсім емес, тәуекелдерді басқарудыңтолыққанды құралына айналуға тиіс.

«Бұл мен үшін жай ғана заңға енгізілгентүзетулер емес. Бұл – көпжылдық жұмыстыңнәтижесі әрі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққақарсы комплаенс жүйесін сапалы жаңа деңгейгекөтеруге берілген мүмкіндік, – деді Гүлнәр Бижанова.

Кездесу барысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтерді міндеттітүрде құруды заңнамалық тұрғыда бекітуге, сондай-ақ мүдделер қақтығысы институтын реформалауға ерекше назар аударылды. Енді заңнама ықтимал, нақты және болған мүдделер қақтығысын нақты ажыратады. Бұл сыбайласжемқорлық тәуекелдерін ерте кезеңде алдыналуға мүмкіндік береді.

Изображение

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП өкілі комплаенсжүйесін одан әрі дамыту бойынша бірқатарпрактикалық ұсынысты айтты. Олардың қатарында тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу, аффилиирленген тұлғалар мен мүдделер қақтығысын цифрлық мониторингтеу, сондай-ақ комплаенс жүйесінің тиімділігін басшылардың KPI көрсеткіштерімен байланыстыру мәселелері бар.

«Біздің барлық стратегиялық ұсыныстарымыз Конституциялық «Заң және Тәртіп» қағидатынанегізделген. Комплаенс жүйесі осы идеологияныңажырамас бөлігі ретінде табиғи түрде үйлеседі, – деп атап өтті Гүлнәр Бижанова.

Изображение

Диалог барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алулар саласындағы қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібі, білім беру ортасында комплаенс мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін де талқылады.

Форум қорытындысында қатысушылар тиімді комплаенс жүйесін дамыту бүгінде ашықтықты арттырудың, мемлекеттік активтерді қорғаудыңжәне заманауи корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторларының біріне айналып отырғанын атап өтті.