Ақтөбеде өртке қарсы өнім өндіруші салалық мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді

22.05.2026
Ақтөбеде өртке қарсы өнім өндіруші салалық мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді

Өртке қарсы техникалық өнім шығаратын отандық «O'rt tehnika-Qazaqstan» ЖШС сала үшін маңызды мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевтың атына ресми алғыс хатын жолдады.

Хатта ҰКП басшысы Қанат Бисімбайұлының Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен отандық өндірушілер көрмесі мен бизнес қауымдастықпен кездесу өткендігі атап өтілген. Осы алаңда «O'rt tehnika-Qazaqstan» ЖШС өкілдері мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларда қолданыстағы стандарттарды пайдалану мәселесін көтерді.

Көрсетілген қолдаудың нәтижесінде ЕНС ТРУ каталогындағы 139616.300.000000 және 139616.300.000001 позицияларына қажетті өзгерістер енгізілді.

Изображение

Өрт сөндіру жеңдерінің қысымды түрлеріне қатысты қолданылатын стандарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік талаптарына толық сәйкестендірілді.

«Қабылданған өзгерістер отандық өндірісті дамыту, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және сатып алу процестерін ҚР заңнамасына сәйкестендіру үшін маңызды мәнге ие», — деп атап өтті компания өкілдері.

Кәсіпкерлер палатасы қазақстандық өндірушілерді қолдау және жергілікті бизнестің мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда!

Изображение