Студенттік жатақханалар құрылысының өзекті мәселелері талқыланды
«Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Олжас Ордабаевтың төрағалығымен инвестициялық жобалар аясында студенттік жатақханалар салу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері, сондай-ақ студенттік жатақханалар салу жобаларын іске асырып жатқан кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мемлекеттік қолдау аясында студенттік жатақханалар құрылысын ынталандыру және инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін талқылау. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен бизнес қауымдастық арасындағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға арналған тиімді диалог алаңына айналды.

Кеңес барысында бизнес өкілдері жобаларды іске асыру кезінде туындайтын бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Кәсіпкерлер «Қаржы орталығы» АҚ-мен алдын ала және негізгі шарттарды жасасу барысындағы қиындықтарды, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезеңінде қолжетімді қаржыландыру және қаржылық қамтамасыз ету тетіктерінің жеткіліксіздігін атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, көтерілген тақырыптар инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдеріне айтарлықтай ықпал етіп, кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.
«Студенттік жатақханалар құрылысы – елдегі адами капиталды дамыту бағытындағы маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде бизнес өкілдері бұл салаға инвестиция салуға дайын, алайда жобаларды іске асыру барысында бірқатар жүйелі мәселелер туындауда. «Атамекен» ҰКП алаңында біз кәсіпкерлердің ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін жинақтап, оларды мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтауды жалғастырамыз. Біздің басты мақсатымыз – бизнес үшін түсінікті әрі тиімді тетіктер қалыптастырып, студенттік жатақханалар құрылысы жобаларын уақтылы іске асыруға қолайлы жағдай жасау», – деді Олжас Ордабаев.
Мемлекеттік органдар мен «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері қолданыстағы рәсімдер бойынша түсіндірмелер беріп, көтерілген мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын талқылады. Пікір алмасу барысында қатысушылар мемлекеттік органдар, «Қаржы орталығы» АҚ және кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын енгізді.

Кеңес қорытындысы бойынша қолданыстағы кедергілерді жоюға, шарттар жасау рәсімдерін жетілдіруге және студенттік жатақханалар құрылысы жобаларын қаржыландыру мәселелерін пысықтауға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Барлық айтылған ұсыныстар мен проблемалық мәселелер мүдделі тараптардың одан әрі қарауына қабылданды.
«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлер қауымдастығының мүдделерін қорғау және бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, заманауи студенттік жатақханалар құрылысы жобаларын уақытылы іске асыруға және осы салаға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етуін ждалғасытар бермек.