«Казтехфильтр» — «Халық таңдауы» жеңімпазы

23.05.2026
«Казтехфильтр» — «Халық таңдауы» жеңімпазы

Астана қаласында қазақстандық өндірушілердің “ULTTYQ ÓNIM -2026” көрмесі аясында өткен «Халық таңдауы» байқауының қорытындысы бойынша «Казтехфильтр» ЖШС аталған номинацияның жеңімпазы атанды.

Жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беруге еліміздің әр өңірінің тұрғындары қатысты.

Байқауға азық-түлік өнімдері, киім және аксессуарлар, үйге арналған тауарлар, косметикалық өнімдер, сондай-ақ өнеркәсіптік және өндірістік бағыттағы компаниялар қатысты.

«Казтехфильтр» ЖШС – өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарда қолданылатын техникалардың әртүрлі түрлеріне арналған ауа сүзгілерін шығаратын отандық өндіруші.

«Казтехфильтр» ЖШС басшылығы қолдау көрсеткені үшін «Даму» қорының басшылығына, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері Руслан Өскенәли мен Саят Бакировка алғыс білдіреді.

“ULTTYQ ÓNIM -2026” көрмесі отандық кәсіпорындардың әлеуетін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және қазақстандық өндірушілердің өнімдерін ішкі нарықта ілгерілетуге тиімді алаңға айналды.

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображение

 

 

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображение