Ұлытау облысында мемлекеттік тапсырыстың орындалуы мен білім беру сапасына мониторинг жүргізілді
Мемлекеттік тапсырыстың орындалуын және білім беру сапасын бақылау жұмысы туралы ақпарат
2025–2026 оқу жылының 13–30 сәуір аралығында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы мониторингтік топ құрамында Ұлытау облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыстың заңды түрде бөлінуін, студенттердің сабаққа қатысуын, мемлекеттік тапсырыстың дұрыс орындалуын, мақсатты гранттар мен дуальды оқыту жүйесінің жүзеге асырылуын бақылау жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында облыс колледждерінде шағын кемшіліктер мен ескертулер анықталды. Анықталған мәселелер бойынша сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылып, колледж қызметкерлеріне тиісті консультациялар берілді. Барлық табылған қателіктер 10 күн ішінде жойылып, мемлекеттік тапсырыстың дұрыс орындалуы қамтамасыз етілді.







