Кәсіпкердің құқығы қорғалды

25.05.2026
Кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алу туралы шарты аясында мемлекеттік кәсіпорынға жалпы сомасы 80 000 теңге тауарды жеткізген.

Тапсырыс беруші мемлекеттік кәсіпорын тауарды қабылдап алып, алайда Заңда белгіленген 30 күн мерзімде жеткізілген тауар ақысын төлемеген.

Кәсіпкерлер палатасы мәселені тиімді әрі жедел шешу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырып, онда жеткізілген тауар ақысын белгіленген мерзімде төлемеу салдары, өсімпұл бар екендігі және төлемеудің жауапкершілік жағдайлары түсіндіріліп, тапсырыс берушінің уәждері тыңдалды.

Нәтижесінде тапсырыс беруші өз тарапынан орын алған қателіктерін мойындап, шартқа сәйкес жеткізілген тауар үшін 80 000 теңге және 800 теңге өсімпұл сомасын кәсіпкердің есепшотына аударды.

Осылайша 80 800 теңге сомаға кәсіпкердің құқығы қорғалды.