Жалағаш ауданында кәсіпкерлермен көшпелі отырыс өтті

22.05.2026
Жалағаш ауданында кәсіпкерлермен көшпелі отырыс өтті

2026 жылғы 21 мамырда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелері, Палата өкілдері және қаржы ұйымдарынан құралған делегация Жалағаш ауданында көшпелі отырыс өткізді.

Іс-шара аясында кеңес мүшелері аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Рахатовпен кездесіп, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану бағыттары талқыланды.

Аудан кәсіпкерлерімен өткен негізгі жиында модераторлықты Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан жүргізді. Алғы сөз аудан әкімінің орынбасары, Өңірлік кеңес төрағасы және аудан прокурорының орынбасарына берілді. Спикерлер өз сөздерінде өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту және бизнеске қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Изображение

Жиын барысында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері, өңірдің инвестициялық ахуалы және бизнесті қолдау бағытында құрылған жұмысшы топ аясындағы түсіндіру жұмыстары кеңінен қаралды. Атап айтқанда, Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалының, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы ЖШС-нің және «Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның өкілдері баяндама жасап, мемлекеттік бағдарламалар мен қаржыландыру тетіктері жөнінде ақпарат берді.

Изображение

Сонымен қатар, Палата маманы Салтанат Шоникова «Бір ауыл – Бір өнім» жобасы аясындағы мүмкіндіктерге тоқталып, жобаның мақсаттары мен қатысу шарттары туралы жан-жақты түсіндірме жүргізді. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті өнімдерді дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жиын барысында бизнес өкілдері өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Кездесуден кейін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаев және делегация өкілдері кәсіпкерлерді жеке қабылдап, олардың мәселелерін қарастырды.

ИзображениеИзображениеИзображение

Көшпелі отырыс кәсіпкерлікті қолдау, ауданның өндірістік әлеуетін бағалау және кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнату тұрғысынан маңызды диалог алаңы болды.