Туризм салалық кеңесінің отырысы өтті

26.05.2026
Туризм салалық кеңесінің отырысы өтті

2026 жылғы 21 мамырда Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» директорының орынбасарының төрағалығымен Туризм салалық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында өңірдегі туризм саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің бірлесіп қарауын қажет ететін проблемалық сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, кеңес қатысушылары 2025–2026 жылдардағы хаттамалық тапсырмаларды талдап, қайта қарау қажеттігін көтерді. Бұл бастама орындаушылық тәртіпті күшейтуге және бұрын қабылданған шешімдердің іске асырылу тиімділігін арттыруға бағытталған.