Бизнестің құқықтарын қорғау: Кәсіпкерлер палатасында прокуратураның қатысуымен қабылдау өтті

15.05.2026
Бизнестің құқықтарын қорғау: Кәсіпкерлер палатасында прокуратураның қатысуымен қабылдау өтті

 

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қостанай қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Әлихан Аужанов бизнес өкілдерін жеке қабылдады.

Кездесу барысында мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкерлердің өтініштері қаралды.

Мәселелердің бірі мемлекеттік сатып алу саласындағы сот актілерін орындау рәсімдерінің созылуына қатысты болды. Тендер қорытындыларын заң талаптарына сәйкестендіру процесі бір жылға жуық уақытқа созылған. Кәсіпкердің пікірінше, бұл жағдайда заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру белгілері бар.

Екінші өтініш қоныс аудару бағдарламасы аясындағы төлемдерге байланысты болды. Мемлекеттік органдар субсидия алу үшін жеке кәсіпкерлікті жабуды талап еткен, алайда заңнамада мұндай міндет қарастырылмаған. Ресми түсіндірмелердің болуына қарамастан, техникалық қателіктерге сілтеме жасалуына байланысты кәсіпкер қызметін тоқтатуға мәжбүр болған.

Қостанай қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Әлихан Аужанов өтініш берушілердің әрбір уәжіне жан-жақты құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы қадағалау органымен бірлесіп, бизнес мәселелері толық шешілгенге дейін жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастырады.