Түркістанда заң және құқық салаларындағы жетістіктер сараланған жиын өтті

25.05.2026
Түркістанда заң және құқық салаларындағы жетістіктер сараланған жиын өтті

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) қолданысқа енгізілгеніне 5 жыл толуына арналған маңызды іс-шара өтті. Осы уақыт аралығында кодекс азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасындағы құқықтарын қорғаудың тиімді тетігіне айналды.

Изображение

Салтанатты жиынға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысып, ӘРПК-ның бизнес үшін маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, кодекс дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешу механизмін жеңілдетіп, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені айтарлықтай азайтқан.

Изображение

Сонымен қатар, кодексте мемлекеттік органның «кінәлілік презумпциясы» қағидатының енгізілуі мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, олардың жұмыс тәртібін күшейтті.

Изображение

Қарқынды дамып келе жатқан Түркістан облысы үшін ӘРПК-ның тиімді қолданылуы жергілікті инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда сенімді құқықтық қалқанға айналып отыр.

– ӘРПК-ның бес жылдық тәжірибесі бизнес пен билік арасындағы диалогтың заң аясында әділ әрі тең дәрежеде жүзеге асуы мүмкін екенін дәлелдеді. Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да кодекстің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауды жалғастыра береді, – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Изображение