ЕЭК Қоғамдық қабылдауы аясында бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу мәселелері талқыланды

26.05.2026
ЕЭК Қоғамдық қабылдауы аясында бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу мәселелері талқыланды

Астанада Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогының Қоғамдық қабылдауы өтті. Гибридті түрде ұйымдастырылған іс-шара «Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығы» АҚ және «Еуразиялық монополияға қарсы қауымдастығы» ЗТ мен ЖК бірлестігінің қолдауымен өткізілді.

Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығы мен ЕЭК арасында ашық әрі тиімді диалог орнату, бәсекелестік саясаты мен мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ кәсіпкерлерге практикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Максим Ермолович модерациялаған іс-шараға Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов, сондай-ақ ЕЭК құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес қауымдастығы, салалық сарапшылар мен кәсіпкерлер қатысты.

Изображение

Спикерлер қатарында ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Сергей Максимов және ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Алина Казачёнок сөз сөйледі.

Қоғамдық қабылдау барысында трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидалары, атап айтқанда, үстем жағдайды теріс пайдалану, бәсекелестікке қарсы келісімдер, жосықсыз бәсекелестік, ЕЭК пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының құзыреті, құқықбұзушылықтар бойынша істерді қарау тәртібі талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, ЕАЭО тауарларының шыққан елін растау тетіктері және бизнес өкілдерін толғандыратын өзге де мәселелер көтерілді.

Іс-шара аясында кәсіпкерлерге жеке консультациялар ұйымдастырылып, ЕЭК сарапшылары тарапынан нақты түсіндірулер берілді.

Изображение

Тимур Жаркенов құттықтау сөзінде ЕЭК Алқа мүшелерінің қазақстандық бизнес өкілдерімен тұрақты кездесулері кәсіпкерлер үшін тиімді әрі сұранысқа ие алаңға айналғанын атап өтті.

«Тәжірибе көрсеткендей, ЕЭК Алқа мүшелерінің қазақстандық бизнес өкілдерімен тікелей кездесуі трансшекаралық өзара іс-қимыл барысында туындайтын өзекті мәселелерді шешудегі тиімді формат ретінде қалыптасты. Соңғы жылдары Комиссия мен Одаққа мүше мемлекеттердің іскер топтары арасында қалыптасқан сындарлы диалог бизнестің еуразиялық интеграцияны дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын айқын көрсетеді. Осыған байланысты кәсіпкерлер қауымдастығының белсенді қатысуы Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты дамуы үшін ерекше маңызға ие», – деді Тимур Жаркенов.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес пен ЕЭК арасындағы ашық диалогты дамыту, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігінде адал бәсекелестік қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыра бермек.