Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына Айдос Шайхислам жетекшілік етті

25.05.2026
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына Айдос Шайхислам жетекшілік етті

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Басқармасының шешімімен Айдос Шайхислам Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бұл қызметте ол Ерқанат Әбеновтің орнын басты. Өңірлік палата ұжымы Айдос Жармұхаммедұлын жаңа қызметімен құттықтап, оның кәсіби тәжірибесін, басқарушылық құзыреттерін және өңірдің кәсіпкерлік ортасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Айдос Шайхислам 1994 жылы дүниеге келген. Экономика және халықаралық коммуникациялар саласында білім алған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Webster University және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы академиясының түлегі.

Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.

Кәсіби қызметі барысында жеке секторда, квазимемлекеттік құрылымдарда және өңірлік даму институттарында басшылық және сарапшылық қызметтер атқарған.

Инвестициялық әлеуетті дамытуға және бизнесті қолдауға бағытталған жобаларды іске асыруға қатысқан.

2023 жылдан бастап Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жүйесінде еңбек етеді.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, инвесторлармен өзара іс-қимыл және өңірдің инвестициялық инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.

2024 жылы Павлодар ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры болып тағайындалды.

2026 жылдың мамыр айынан бастап Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқаруда.

Қазіргі уақытта өңірлік Кәсіпкерлер палатасының алдында бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, іскерлік белсенділікті дамытуға, сондай-ақ Павлодар облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған стратегиялық міндеттер тұр.