Қарағанды кооперацияны күшейтуде: өңірлер бизнесі жаңа жобаларды талқылап, келісімдерге қол қойды

29.05.2026
Қарағанды кооперацияны күшейтуде: өңірлер бизнесі жаңа жобаларды талқылап, келісімдерге қол қойды

Қарағандыда Қазақстанның бірнеше өңірінен келгенбизнес, мемлекеттік органдар және салалық қауымдастықөкілдерінің қатысуымен ауқымды іскерлік кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өндірістік кооперацияныдамыту, жаңа серіктестік байланыстар орнату жәнебірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылау.

Кездесуге Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерден келген делегациялар қатысты. Олардыңқатарында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлерпалатасының өкілдері, ірі кәсіпорын басшылары, инвесторлар, депутаттар және мемлекеттік орган өкілдеріболды.

Жиынды ашқан Қарағанды облысының әкімі ЕрмағанбетБөлекпаев өңір еліміздің жетекші индустриялықорталықтарының бірі екенін атап өтті.

«Қарағанды облысы – қуатты өнеркәсіптік базасы, дамыған металлургиясы, машина жасау саласы, құрылысиндустриясы және ауыл шаруашылығы бар өңір. Біз жаңаөндірістерді іске қосуға, өндірісті жергіліктендіруге, өңіраралық кооперацияны кеңейтуге және инвестициялартартуға жүйелі түрде жағдай жасап келеміз, — деді облысәкімі.

Оның айтуынша, отандық кәсіпорындар арасындағыәріптестікті дамыту –экономиканың тұрақты өсуініңмаңызды факторларының бірі.

Өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуеті туралыҚарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіпбасқармасының басшысы Асқар Ғазалиев баяндады. Презентация барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, өнеркәсіпсаласының мүмкіндіктері, логистика мен қайта өңдеубағытындағы жобалар таныстырылды.

Әсіресе, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытумәселесіне ерекше назар аударылды. ҚатысушыларғаҚарағанды және Балқаш әуежайларын жаңғырту, логистикалық орталықтарды дамыту, сондай-ақ өңірдіңэкспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жобалартуралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасыныңорынбасары Жеңіс Тайшытаев Қарағанды облысыныңәлеуетіне жоғары баға берді.

«Өңірлер арасында тәжірибе алмасу мақсатында сіздердіңоблысыңызға екінші рет келіп отырмыз. Мұндайкездесулердің пайдасы зор. Бүгінгі таныстырылымөңірдің әлеуетін айқын көрсетті. Қарағанды облысы – еліміздің дамуына елеулі үлес қосып отырған өңірлердіңбірі. Біз мұнда өнеркәсіптің жоғары деңгейде дамығанынғана емес, түрлі салалардың одан әрі өсуіне зор мүмкіндікбар екенін де көрдік, — деді ол.

Кездесудің практикалық жалғасы ретінде Қарағандыоблысының отандық тауар өндірушілерінің көрмесіұйымдастырылды. Онда машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру, жарықтандыружабдықтары, полимерлік өнімдер мен өнеркәсіптік құрал-жабдықтар шығаратын кәсіпорындар өз өнімдерінтаныстырды.

Сондай-ақ қонақтар үшін B2B форматындағы кездесулерұйымдастырылып, кәсіпкерлер өнім жеткізу, өндірістіжергіліктендіру және бірлескен жобаларды жүзеге асырумәселелерін тікелей талқылауға мүмкіндік алды.

Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – әртүрлі өңіркәсіпорындары арасында ынтымақтастық туралымеморандумдарға қол қойылуы болды. Атап айтқанда, BMT Holding пен Altynarna Geosynthetics, QazTehna мен «Скулбас», сондай-ақ «Степногорск Энергокомплекс» ЖШС мен «Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС арасында келісімдер жасалды.

Кооперация жөніндегі пікірталастардың нақтыкелісімдермен аяқталуы іс-шараның басты нәтижесінеайналды. Мұндай байланыстар жаңа өндірістіктізбектерді қалыптастырып, өткізу нарықтарын кеңейтугежәне қазақстандық қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде өңірлер арасындағы бәсекелестіктің орнынсеріктестік пен өзара тиімді ынтымақтастық басып келеді. Ал Қарағанды бұл бағытта еліміздегі маңызды диалог алаңдарының біріне айналып отырғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.