Өскеменде «Умничка» балалар орталығы балаларды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуде
Өскемен қаласында төрт жылдан бері балалардың дамуына, мектепке дайындалуына және қабілеттерін ашуына көмектесіп келе жатқан жаңартылған «Умничка» балалар орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, тәрбиеленушілердің ата-аналары және орталық қонақтары қатысты.
Жұмыс істеген жылдары ішінде «Умничка» балаларды ерте дамыту бағытындағы танымал орталықтардың біріне айналды. Орталық балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған сабақтар мен жайлы, достық атмосфераның арқасында ата-аналардың сеніміне ие болды.
Бүгінде орталық өз қызметтері мен білім беру бағыттарының аясын кеңейтті. Мұнда мектепке даярлау, сөйлеу тілін дамыту, оқу мен жазуды үйрету, математика және логика сабақтары өткізіледі. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін, зейінді, ұсақ моториканы және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Балалар үшін топтық және жеке сабақтар ұйымдастырылған.
Орталықтың басты ерекшелігі – оқытудың ойын түрінде жүргізілуі. Сабақтар барысында дамытушы материалдар, карточкалар, сенсорлық жаттығулар мен шығармашылық тапсырмалар қолданылады. Бұл балалардың ақпаратты жеңіл меңгеруіне және өздерін сенімді сезінуіне мүмкіндік береді.
Орталық өкілдерінің айтуынша, «Умничканың» негізгі мақсаты – балаға бастапқы білім беру ғана емес, сонымен қатар оқуға деген қызығушылығын арттыру, қарым-қатынас жасауға үйрету және болашақ мектеп өміріне бейімдеуге көмектесу.
Орталық әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізілген. Бұл оның әлеуметтік бағыттылығын және балаларға білім беру мен отбасыларды қолдау саласын дамытуға қосып отырған үлесін айқындайды.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері орталық ұжымын қызмет аясын кеңейтуімен құттықтап, өңірдегі жекеменшік білім беру бастамаларын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Мұндай жобалар қосымша білім беру саласының дамуына үлес қосып, ата-аналарға балаларын оқыту мен дамытуда заманауи форматтарды таңдауға мүмкіндік береді», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәкен Абдуллин.
«Умничка» орталығы педагогтарды, балалар мен ата-аналарды бір мақсат төңірегіне біріктіріп, әр баланың қабілетін ашып, болашаққа сенімді қадам жасауына жағдай жасайтын қолайлы орта қалыптастыру жолындағы жұмысын жалғастыруда.