Айдос Шайхислам «AMANAT» партиясының бизнес және IT-қоғамдастықпен кездесуіне қатысты

02.06.2026
Айдос Шайхислам «AMANAT» партиясының бизнес және IT-қоғамдастықпен кездесуіне қатысты

Астанада «Alem.ai» Халықаралық жасанды интеллект орталығы алаңында «AMANAT» партиясының кәсіпкерлік қанаты ІТ-қауымдастық және бизнес өкілдерімен кездесті. Оған Қазақстанның барлық өңірлері қосылды.

Іс-шараға 400-ден астам адам қатысты: мәжілісмендер, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығы, жетекші технологиялық компаниялардың басшылары, банк секторының өкілдері, IT-кәсіпкерлер және телекоммуникациялық операторлар.

Кездесуге «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев қатысты. Ол елдің цифрлық трансформациясындағы жеке ІТ-бизнестің рөлін күшейту, цифрлық құзыреттерді тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу және ІТ-мамандарды халықаралық сертификаттау қажеттігіне назар аударды. Қанат Шарлапаев бизнеске арналған AI-шешімдерді енгізуді қолдау шаралары мен дайын цифрлық сервистері бар «ШОБ үшін сандық пакетті» іске қосуды ұсынды.

Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов және басқа да спикерлер сөз сөйледі. Ерлан Қошанов бүгінде мемлекет цифрландыруға және барлық жерде AI құралдарын енгізуге басым назар аударып отырғанын атап өтті. Бұл елдің прогрессивті дамуындағы серпінді қамтамасыз етуге және барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түбегейлі арттыруға тиіс.

Бейнеконференциялық байланыс арқылы кездесуге Қазақстанның барлық өңірлері, соның ішінде Павлодар облысы қосылды. Кездесудің аймақтық алаңына Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Айдос Шайхислам қатысты.

Диалогқа қатысушылар цифрландыруды, жасанды интеллектті дамыту және Қазақстанның қазіргі заманғы цифрлық экономикасын қалыптастыру жөніндегі бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Парламент Мәжілісі депутаттарының, мемлекеттік органдар мен IT-қоғамдастықтың елімізде цифрландыру мен ЖИ дамыту үшін ең жақсы жағдайлар жасау жөніндегі бірлескен жұмысын күшейту туралы келісті.