Кәсіпкерлер палатасында салық реформалары мен бизнеске қатысты өзекті мәселелер талқыланды
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында өңдеу өнеркәсібі және шағын және орта бизнес салалық кеңестерінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес жұмысына Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер түсіндіріліп, өңір кәсіпкерлерінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар басшылары үшін 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру және тапсыру тәртібі.
Ұлытау облысында Ұлттық тауарлар каталогын енгізу мәселелері және осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Реттеушілік құмсалғышы аясында шағын және орта бизнес субъектілерінің банктік шоттарын 100% бұғаттауға балама тетікті тестілеу үшін 100 компаниядан тұратын пилоттық топты қалыптастыру мәселесі.
Отырысқа қатысушылар Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша жан-жақты түсіндірмелер алып, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің практикалық мәселелерін талқылап, мемлекеттік органдар мен сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.







