«Атамекен» ҰКП әкімшілік әділет мәселелері жөніндегі халықаралық форумға қатысты

05.06.2026
«Атамекен» ҰКП әкімшілік әділет мәселелері жөніндегі халықаралық форумға қатысты

Астанада Қазақстан Республикасында әкімшілік әділеттің қалыптасуы мен дамуының бес жылдығына арналған «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық форум өтті.

Форум жұмысына мемлекеттік орган басшылары, шетел мемлекеттерінің сот жүйелерінің өкілдері, халықаралық ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ отандық және шетелдік жетекші сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Форум барысында сөз сөйлеген «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев әкімшілік әділет институтын енгізу соңғы жылдардағы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін едәуір күшейткен маңызды құқықтық реформалардың бірі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде әкімшілік даулардың жартысынан астамы азаматтар мен бизнес пайдасына шешілуде, бұл жария-құқықтық саладағы сот қорғауының тиімділігі артқанын көрсетеді.

Изображение

Қанат Шарлапаев өз сөзінде әкімшілік рәсімдердің сапасын арттыру және құқық қолдану практикасының бірізділігін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол заңдылық, әділдік және тепе-теңдік қағидаттарын сақтау бизнестің мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудың маңызды шарты екенін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев форум аясында Қазақстандағы заманауи институционалдық ортаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінгенін айтты.

«Бұл – мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы мен бизнес тарапынан сенімді нығайтудың маңызды кепілі. Талқылаудың негізгі өзегінде әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етудегі, инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғаудағы, сондай-ақ инвестициялық қызметке байланысты дауларды шешудегі сот жүйесі мен мамандандырылған институттардың рөлі тұр», – деп атап өтті Жоғарғы Сот төрағасы.

Изображение

Отандық және шетелдік бизнес өкілдері де заң үстемдігі елдің инвестициялық тартымдылығын айқындайтын негізгі факторлардың бірі екенін атап өтті.

Форум әділет саласындағы өзекті мәселелерді, әкімшілік әділетті одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ осы институттың қол жеткізген нәтижелері мен жұмыс тәжірибесін қазіргі сын-қатерлер мен жинақталған тәжірибе тұрғысынан талқылауға арналған алаңға айналды.

Қатысушылар азаматтар мен бизнестің құқықтарын сот арқылы қорғау тиімділігін арттыру, әкімшілік сот ісін жүргізуді жетілдіру және заң үстемдігі қағидаттарын нығайту мәселелерін қарастырды.

Изображение

Жиын соңында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Жоғарғы Соттың, мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзара іс-қимылы заң үстемдігін нығайтуға, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және Қазақстанда қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.