«Атамекен» ҰКП алаңында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

05.06.2026
«Атамекен» ҰКП алаңында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП Төралқасы Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс жұмысына «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Қалиғазин, ҰКП Төралқасы Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің төрағасы Лейла Күленова, ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің баспасөз хатшысы Балия Кенжеболатова, сондай-ақ Комитет құрамына кіретін салалық қауымдастықтар мен заңды тұлғалар бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Әйелдер кәсіпкерлігі – «Атамекен» ҰКП қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Біз кәсіпкер әйелдердің жоғары белсенділігін көріп отырмыз және қолдау құралдарын одан әрі күшейтуге дайынбыз, – деп атап өтті Аслан Қалиғазин.

Отырыс барысында Комитет құрамы өзектендіріліп, жаңа мүшелер таныстырылды, сондай-ақ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары шығарылды. Қатысушылар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бекіткен 2026-2028 жылдарға арналған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысын талқылауға ерекше назар аударды.

Изображение

Изображение

Балия Кенжеболатова «Жасанды интеллект дәуіріндегі әйелдер көшбасшылығы: технологиялар бәсекелестіктегі негізгі артықшылығымызға айналуда» тақырыбында баяндама жасады. Презентация барысында цифрлық трансформацияның заманауи сын-қатерлері, әйел кәсіпкерлер үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер және цифрлық құзыреттерді арттыру мәселелері қарастырылды.

Изображение

Изображение

Талқылау аясында Жол картасының негізгі бағыттары таныстырылып, оны іске асыру тетіктері қаралды және Комитеттің қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі рөлі айқындалды. Қатысушылар жоспарланған іс-шараларды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және кәсіпкерлікті қолдау институттары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Комитет бірқатар шешім қабылдап, 2026 жылдың III-IV тоқсандарына арналған жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.