«Атамекен» ҰКП, Республикалық адвокаттар алқасы және Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастықты күшейтеді

10.06.2026
«Атамекен» ҰКП, Республикалық адвокаттар алқасы және Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастықты күшейтеді

2026 жылғы 10 маусымда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Республикалық адвокаттар алқасы және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі нығайтуға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге, заңдылықты қамтамасыз етуге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған институттар арасындағы өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды қадам болды.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Палата қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Бұл меморандум бизнес-қоғамдастық, адвокатура және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институты арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бағытталған. Бұл құқықтық тәуекелдерді уақытылы анықтап, кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Төралқа Төрағасы.

Меморандум кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекелдерін уақытылы анықтау мен алдын алу, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және бизнесті қорғау мәселелері бойынша жүйелі шешімдер әзірлеу мақсатындағы үшжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Құжат кәсіпкерлердің құқықтарын қылмыстық, әкімшілік және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде қорғау мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен дауларды қарау және әкімшілік рәсімдер барысында құқықтық қолдау көрсетуді қамтиды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тиімділігі проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, оларға жедел әрекет етуге тікелей байланысты екенін айтты.

Оның айтуынша, меморандум аясында тараптар өңірлердегі кәсіпкерлерге арналған құқықтық коучинг пен консультациялар бағдарламасын әзірлейді. Бұл бастама жыл соңына дейін жүйелі түрде жүзеге асырылады.

«Кәсіпкерлерді құқықтық ағартумен, «Заң және Тәртіп» қағидаттарын түсіндірумен, сондай-ақ Палата жүзеге асырып отырған бизнесті қорғаудың практикалық тетіктерімен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар бағдарламаға күнделікті кәсіпкерлердің мәселелерімен бетпе-бет келетін адвокаттар қауымдастығының тәжірибесі енгізіледі. Барлық материалдар бірыңғай ағартушылық курсқа біріктіріледі», – деді Г. Бижанова.

Изображение

Ол бұл бастама кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың құқықтық қорғалу деңгейін күшейтуге және әсіресе өңірлік бизнес үшін сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.

Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша адвокаттар қауымдастығымен ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде ынтымақтастық жасап келеді. Осындай өзара іс-қимылдың тиімді алаңдарының бірі – Бас прокуратура жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы. Тек 2025 жылдың өзінде Палатаның бастамасымен аталмыш алаңда кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық қудалауға байланысты 16 кейс қаралып, оның 9-ы бойынша қылмыстық істер тоқтатылды.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП әкімшілік және азаматтық даулар бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысып, бизнеске құқықтық қолдау көрсетеді және түрлі сот сатыларында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайды.

2025 жылы Палатаның қатысуымен 371 сот ісі қаралды. Істердің 56,6 % бойынша сот актілері бизнес пайдасына шығарылды. Қорғалған кәсіпкерлер құқықтарының жалпы сомасы шамамен 13 млрд теңгені құрады.

2026 жылдың I тоқсанында «Атамекен» ҰКП қатысқан сот істерінің саны 126 болды. Оның 42% бойынша шешімдер бизнес пайдасына қабылданып, қорғалған құқықтардың сомасы 11,5 млрд теңгеден асты.

Тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары ретінде құқық қолдану тәжірибесіндегі жүйелі мәселелер жөнінде ақпарат алмасу, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, бірлескен талдамалық, консультациялық және білім беру іс-шараларын өткізу, сондай-ақ кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуын дер кезінде анықтауға жәрдемдесу белгіленді.

Меморандум ережелерін іске асыру бизнес-қоғамдастық, адвокатура және Бизнес-омбудсмен институты арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, кәсіпкерлерді қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, құқықтық тәуекелдерді ертерек анықтауға және Қазақстандағы бизнесті қорғау кепілдіктерін нығайтуға мүмкіндік береді.

Изображение

Изображение

Изображение